Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік!
2017 жылдың 4-қазан күні институт акт залында Ұстаздар күніне орай мерекелік шара өтті.
Салтанатты шараның басында Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының ректоры, ф-м. ғ. д., профессор Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы институттың профессор-оқытушыларына арнап құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен бірге, бірқатар оқытушылар, ұстаздар күні мерекесіне орай, партияның түрлі деңгейдегі іс-шараларына нақты қолдау көрсетіп, білімді жастарды дайындау бағытындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын жүзеге асырудағы белсенді еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясының, білім беру саласына сіңірген жемісті еңбегі мен ғылыми жұмыстағы табыстары үшін Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Ректорының, Кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Атаулы меркелік шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.









"HIGHFLYERS Community" ©