Таусылмайтын әңгіме: Махаббат – мәңгі ертегі
2018 жылдың 12 сәуірінде АИГИ белсенді студенттері ұлттық ғашықтар күні - Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне арналған «Таусылмайтын әңгіме: Махаббат – мәңгі ертегі» атты мерекелік кеш өткізді.
Мақсаты – жастар арасында халқымыздың інжу - маржан қазынасы халық ауыз әдебиетінің алтын арқауы саналатын, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Еңлік пен Кебек, Ләйлі мен Мәжнүн, Естай мен Қорлан махаббат жырларындағы асыл образдардың адамгершілік парасаттылығын, адалдығымен насихаттау.
Мерекелік кештің салтанатты ашылуында Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының Ғылыми-зерттеу, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы алғы сөз сөйледі.
Студенттер сахнада поэзиялық көркем шыармалар оқып, Ретро стилінде би билеп, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін көріністер көрсетіп, ән шырқап өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік концерт әсем әнмен аяқталды.



"HIGHFLYERS Community" ©