Студенттік көктем - 2018
27 сәуір күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған дәстүрлі «Студенттік көктем - 2018» фестивалі өтті.
Оның ашылу салтанатында институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы және «Жастар таңдауы - Атырау» қоғамдық бірлестік маманы Әділгереев Сағдат алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестивальда институтымыздың талантты студенттері төмендегідей номинациялар бойынша өнер көрсетті:
І. Патриоттық ән немесе эстрадалық ән номинациясы бойынша:
- Жумажанов Шымболат - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 2-курс студенті;
- Сисенбаев Мухаммад - «Мұнай-газ ісі» мамандығының 2-курс студенті;
- Оканов Қонысбек - «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенті; Базарбаева Альфия – «Құрылыс» мамандығының 2-курс студенті;
- Утегенов Алтынбек - Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-курс студенті;
- Зинекенов Райымбек - «Қаржы» мамандығының 4 курс студенті
ІІ. Ұлттық би немесе заманауи би номинациясы:
- Ахметов Қамбар «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-курс студенті,
- Амангелдиев Бекболат – «Құрылыс» мамандығының, 2-курс,
- Уткельбаев Даурен - «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2-курс студенті,
- Қаберов Нұрбол - «Құрылыс» мамандығының 2-курс,
- Жапарова Жұлдыз – «Қаржы» мамандығының 2 -курс;
ІІІ. Астанымыздың 20 жылдығына арналған туынды :
- Оканов Қонысбек - «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенті;
- Базарбаева Альфия – «Құрылыс» мамандығының 2-курс студенті;
Өткізілген шара соңында Тәрбие бөлімінің басшысы, АИГИ Жастар комитетінің төрайымы Тугельбаева Алтынай Төлегенқызы студенттер өнеріне оң пікірін айтып, өз алғысын білдірді.









"HIGHFLYERS Community" ©