Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай
10 наурыз күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы: табыстар мен жетістіктер тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының секретариаты, Қоғамдық келісім және «Достық Үйі» КММ-нің ғылыми-сараптамалық бөлімі мамандары, және этномәдени бірлестік өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысын п.ғ.д., профессор Ж.С.Хасанова ашып, қазіргі уақытта мемлекеттік дәрежеде қолдау тауып отырған көп ұлтты еліміздегі ұлтаралық татулық, бірлік мәселесінің көкейтестілігіне тоқталып өтті. «Президент Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, биыл аталған Ассамблеяның құрылғанына жиырма жыл толып отыр. Ассамблея тарихы, тәжірибесі, жетістіктері – қазақ елі тарихының құрамдас бөлігі. Өйткені «Мәңгілік ел» идеясы – ел бірлігі мен тұрақтылығының арқасында жүзеге асатын құндылық. Ал, Ассамблея ісіне үлес қосу – әрбір қазақстандықтың міндеті», - дей келе, осы орайда дөңгелек үстелге қатысып отырған қонақтарды ашық әңгіме алаңына шақырды.
Дөңгелек үстел барысында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Грузин этномәдени этнобірлестігінің жетекшісі З.Г.Бобохидзе, корей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Л.В.Ли, Қоғамдық келісім және «Достық Үйі» КММ-нің ғылыми-сараптамалық бөлімінің жетекшісі Ә.Ж.Таласбаева, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Умирбекова, институттың Оқу ісі жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қоғамдық келісім және «Достық Үйі» КММ-нің ғылыми-сараптамалық бөлімінің мүшесі Ж.С.Хасанова, Қазақстан халқы Ассамблесы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Г.Н.Сабирова, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының доценті Ж.У.Асабаева және кафедра оқытушылары, Мұнай-газ мамандығының 1-курс студенті Ғ.Ерғалиев, Мұнай-газ мамандығының 1-курс студенті Т.Сыдық баяндама жасап, ұлтаралық тұрақтылықтың маңыздылығына, қоғамдық қызметіне қатысты пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстелді п.ғ.д., профессор Ж.С.Хасанова қорытындылап, дөңгелек үстел қонақтарына ризашылығын білдірді.



Community ©