Діни экстремизм мен терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Желтоқсан айының 25-ші жұлдызында, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қазіргі таңдағы Қазақстандағы жастардың діни идентификациясы» тақырыбында белгілі саясаттанушы, с.ғ.к., доцент Тулебаева Меруерт Кенжебайқызымен кездесті.
Кездесуге сонымен бірге мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі А.Т. Бопылдықов, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекет мекемесінің қызметкері, теолог маманы С. Төлегенов қатысты.
Мақсаты студенттердің діни сауаттылығын арттыру, деструктивті экстремизм, радикализм сияқты теріс ағымдардың жастар арасында алдын алу шараларын жүргізу, қазіргі қоғамдағы діни ахуал жайында студенттерге мәлімет беру, «Қазіргі таңдағы Қазақстандағы жастардың діни идентификациясы» тақырыбының төңірегінде студенттермен ашық сұхбат жүргізу.
Кездесудің жүру барысын «Ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекет мекемесінің теолог-маманы С. Төлегенов студенттермен ашық әңгіме жүргізумен бастады. Өз сөзінде қазіргі замандағы білім алудың қажеттілігін айтты. Жастар ең алдымен білім алуға, ой-өрісін жетілдіріп, тұлға ретінде дамуға ұмтылуы керек деді. Сонымен бірге білімсіздіктің, ой-өрісі тарлықтың кесірінен жастарымыздың деструктивті ағым жетегіне еру жағдайы көбейгендігіне де тоқталды. Ислам дініне жат қалыптасқан теріс түсініктердің діни сауатсыз жастарымыздың санасын улау жағдайының ушығып тұрғандығын да сөз етті.
Келесі сөз кезегінде саясаттанушы, с.ғ.к., доцент Тулебаева Меруерт Кенжебайқызы «Қазіргі таңдағы Қазақстандағы жастардың діни идентификациясы» тақырыбында студенттерге баяндама ұсынды. Өз баяндамасында нақты деректер мен мәліметтер келтіріп, жастардың жаппай дінге бет бұруы, діни экстермизм, радикализм, діни идентификация ұғымы жөнінде түсінік беріп кетті. Деструктивті ағымдарға жастарымыздың бет бұруына себепші факторларға тоқталды. Теріс ағымдардың қазіргі уақытта қаржыландырылып отырғандығын, «ИШИМ DAESH» аббревиатурасының түсініктемесіне, Сириядағы азаматтық соғысқа қатысушы қазақ азаматтарын Қазақстанға оралған жағдайда жауапқа тартылатындығын, ғаламтордың мүмкіндіктерін жат ағымды ұйымдарының қатарын көбейтуге пайдаланып отырғандығына да тоқталып өтті.
Сөзін қорытындылай келе, Меруерт ханым жат ағымдардан сақтанып жүруге кеңес берді, студенттерімізді өз уақытын тиімді пайдалануға , білім жетілдіруде белсенділік танытып, саналы жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуға үндеп, қоғамда орнын табуға шақырды.
Кездесу ашық сұхбатқа ұласып, студенттер өз сұрақтарына жауап алды.
Кездесу соңын А.Т. Бопылдықов қорытындылай келе, студенттерге, кездесуге уақыт бөліп, қатысқандығы үшін алғысын білдірді.










Community ©