«Жас Отан» Атырау облыстық филиалының төрағасы Ғилажев Ринат Маратұлымен кездесу [Без перевода]

2017 жылдың 25 ақпанында  Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Ғилажев Ринат Маратұлымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты Биылғы Елбасы Жолдауын жастармен талқылау, насихаттау, басымдықтардың өзектілігіне назар аударып, өзара пікіралмасу болып табылды.

Жиын еркін пікір алмасу түрінде өтіп, студенттер өзекті мәселелерге қатысты қойылған сұрақтарына тұщымды жауап алды.