ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған «Студенттік көктем - 2017» фестивалі [Без перевода]
26 сәуір күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Жастар таңдауы - Атырау» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесіне арналған «Студенттік көктем - 2017» фестивалі өтті.
Оның ашылу салтанатында институттың Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы және «Жастар таңдауы - Атырау» қоғамдық бірлестік төрағасы Сейітқалиев Дәурен Нұхұлы алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестивальда институтымыздың талантты студенттері төмендегідей номинациялар бойынша өнер көрсетті:
І. Патриоттық ән немесе эстрадалық ән номинациясы бойынша:
1. Уапов Қайрат - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 1-курс студенті;
2. Нұрманова Надира - «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының 3-курс студенті;
3. Зинекенов Райымбек - «Қаржы» мамандығының 3-курс студенті;
4. Жұмажанов Шымболат - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 1-курс студенті.
ІІ. Ұлттық би немесе заманауи би номинациясы:
1. Қанатова Ақбота «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенті;
2. «Кеден ісі» мамандығының студенттері.
ІІІ. Көрініс :
«Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері.
Өткізілген шара соңында «МузАРТ LIVE» жобасына қатысушы, «Бастаңғы» караоке ән байқауының жеңімпазы, Атырау облысына танымал өнерпаз әнші Муслим Яудаев сайыскер студенттер өнеріне оң пікірін айтып, өз алғысын білдірді.









Community ©