Қазақстан Республикасының рәміздері – Біздің мақтанышымыз! [Без перевода]
22 мамыр күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының рәміздері – Біздің мақтанышымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты – студенттерге отаншылдық рух дарыту, еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел модераторы ретінде аға оқытушы, магистр Бозахаева Гулфайруз Кенжеғалиқызы алғы сөз алып, «Патриоттық тәрбие - берік болашақтың кепілі» тақырыбында баяндама ұсынды.
Сонымен бірге, іс-шара барысында дөңгелек үстелдің тақырыбына сәйкес студенттер өздерінің жеке көзқарастарымен бөлісіп, баяндамаларын ортаға салды:
Сисембаев М. «Мұнай-газ ісі» мамандығы, 1-курс – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні»;
Қаберов Н. «Құрылыс» мамандығы, 1- курс – «Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні»;
Бақытова А. «Информатика» мамандығы, 2-курс - «ҚР Рәміздері»;
Досмағамбетова А. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы, 1-курс – «Мемлекеттік рәміздер тарихы»;
Мизамов А. «Құрылыс» мамандығы, 1-курс – «Елтаңба – елдігіміздің айшығы».









Community ©