АИГИ-да 2017 жылдың 18 мамыр күні «Түлектер жәрмеңкесі» өтті. [Без перевода]
Атаулы шараның ашылуында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, ф-м.ғ.д, профессор Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы алғы сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, институттың қоғамдық өмірінде белсенділік танытып, ғылыми – зерттеу жұмыстарымен үздіксіз ізденіп, үздік білімінің нәтижесінде ректор грантын иеленген «Экономика» мамандығын бітіруші түлегіміз Утегенова Айжан сөз сөйледі.
Ұйымдастырылған түлектер жәрмеңкесіне қаламыздың экономика, қаржы, өнім өндіру, мұнай-газ саласы, стандарттау және т.б. салалар бойынша кәсіпорындары мен мекемелерінің өкілдері шақырылған болатын.
Жәрмеңкеге 20-дан астам жұмыс беруші қатысып,өз тараптарынан институттың бітіруші түлектеріне бос орындарға жұмысқа орналасудың шарттарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дәстүрге айналған бұл үрдіс түлектердің жұмыспен қамтылуларына үлкен мүмкіндік береді деген сенімдеміз.



"HIGHFLYERS Community" ©