«Саналы ұрпақ» пен «Парасаттылық мектебі» – сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім басқармасы ықпалды қоғамдық-саяси,тәрбиелік жұмыстарды белсенді жүргізуді тапсырды. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтындағы осы мақсаттағы «Саналы ұрпақ» клубы мен «Парасаттылық мектебі» жобалары жастардың ой-санасында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне қарсы имунитетті қалыптастыру,онымен күресу мақсаттарында құрылып, жұмысын жүргізіп келе жатқан қоғамдық ұйымдардың бірі.

Институттағы «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес клубы құрамында 20 студент пен 7 профессор-оқытушы бар.Арнайы ережесіне сәйкес жоспарымен жұмыс жасауда. Клуб жетекшісі- институт Жастар ісі –тәрбие бөлімінің басшысы Алтынай Түгелбаева. Клуб жетекшісі жастардың санасына сыбайлас жемқорлықтың түбі қасірет екенін сіңіріп, одан жирендіру, адалдық пен ар-ождан биігі туралы тәрбие сағаттарын,дәріс-тренингтер, дебаттар, кездесулер, семинарлар, т.б. өткізіліп келе жатқанын айтады.
Ал жас оқытушылар мен студенттерге арналған «Парасаттылық мектебі» жобалық кеңсесінің де басты мақсаты –жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықпен күрес қозғалысының жаңа формациядағы жас өкілдерін дайындау. Сонымен қатар, мұнда қатысушыларға парасаттылық, адалдық, әділдік принциптерін ұстау бойынша сабақтар өткізіледі. Өз кезегінде, қатысушылар білікті мамандардан үйренгенін студенттерге жеткізеді.

«Парасаттылық мектебі» жобалық кеңсесі «Саналы ұрпақ» клубымен бірлесе жұмыс істейді. Мектептің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбындағы тренингін «Гладиатор» дебат клубы жетекшілерінің бірі Азамат Мизамов өткізеді.

– Біз өткізген тренингте сыбайлас жемқорлықтың нақты фактілері негізінде әңгіме өрбіп,осы індетке қарсы жастар арасында,жалпы қоғамда мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашууға көмектесу керектігі сөз болады,-дейді тренинг жүргізуші Азамат Нұржанұлы .
Институтта адалдық алаңы аясындағы «Фронт офисте» студенттер өзіне-өзі қызмет етеді, компьютермен Egov.kz сайты арқылы қажетті құжаттарын ЦОН-нан ала алады. «Адалдық алаңы» арнайы бұрыштары ашылып 3 жерге «Сенім жәшіктері» қойылды. Бұл «Сенім жәшіктері» «Nur-Otan» партиясы мен «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бақылауымен тексерілетін болады. Бұл жұмыстарды 2019-2020 оқу жылының соңына дейін жүргізетін болады.

«Саналы ұрпақ» клубы мен «Парасаттылық мектебі» кеңсесі жобалары қозғалысы- институтта сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялардың зертханасына айналмақ. Жобаның мақсаты – азаматтардың,әсіресе жас ұрпақтың көзқарасын өзгерту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру.Ұлт болашағы саналар өскелең ұрпақты дұрыс жолға бағыттау.
Жастар үшін маңызы зор осындай шаралар маусымдық,немесе бір жылдық жоба ретінде қарастыруға болмайды. Міндетті түрде ол жалғасын таба беретінін айтады институт басшылығы.

АИГИ Баспасөз қызметі.

Leave a Reply