«Талапкер-2020» АИГИ–ЖАҢА МАМАНДЫҚҚА ОҚЫТАДЫ

2020-2021 жаңа оқу жылынан Атырау инженерлік-гуманитарлық институты жаңа мамандыққа: 6В04104 – Менеджмент және басқару (бакалавриат) мамандығына оқытуды бастайды. Институтқа мемлекеттік рестрден өткендігі туралы құжаты келді. Қазір институтта талапкерлер құжаттарын жаңа мамандыққа қабылдау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

«Менеджмент» мамандығы бойынша түлектер менеджер квалификациясы мен «бакалавр» (4 жыл) академиялық дәрежесін алады. Олар іргелі кәсәпорындарда, фирма, корпорация мен ұлттық компанияларда басқарушысы бола алады. Менеджер – ол ірі, орта және кіші биизнестің бизнес жоспарын даярлап оны жүзеге асыра алатын маман, сапа көрсеткішін жоғарлату мақсатымен мотивация жүйесін құру мен компания және персоналдың жоспарлы қызметін басқарушы.
«Менеджмент» мамандығын тәмамдаған түлектер – экономиканың әр түрлі секторында қызмет жасайтын компания басшылары бола алады.
Сондай-ақ «Менеджмент және жергілікті басқару» мамандығын бітірген мамандар Үкіметтегі мемлекеттік қызметкер ретінде қызмет атқаруға құқы салыстырмалы түрде жоғары, себебі бұл түлектер мемлекеттік және жергілікті басқарудың ғылыми негізін оқыған мамандар болып табылады.
Жалпы , АИГИ-Қазақстанның батыс аймағындағы акредиттелген үздік жиырма жоғары оқу орындарының бірі.Ол Қазақстанның білім беру рейтингтерінде жетекші орынға ие.
Біздің институтта әр студент сапалы білім алып қана қоймай,халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи білім беру бағдарламалары бойынша
білім ала отырып, әр салада жоғары білікті маман болуға барлық мүмкіндіктері бар.
Институт өткен оқу жылында 6В07102-Энергетика,6В07101-Органикалық заттардың химиялық технологиясы,6В04201-Құқық,6В04103-Есеп және аудит,6В01701-Қазақ тілі және әдебиеті,6В01702-Орыс тілі мен әдебиеті мамандарын даярлауды бастаған болатын. Қазір институт 17 білім бағдарламасы бойынша білікті мамандар даярлйды. Атап айтсақ,олар:
-Бизнес және басқару;
-Құқықтану
– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
– Телекоммуникация;
– Инженерия және инженерлік іс;
– Өндірістік және өңдеу салалары;
– Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша));
– Сәулет және құрылыс;
-Тіл және әдебиет бойыншақазақ тілі мен орыс тілі мұғалімдерін даярлау.
– Информатика ;
-Есеп және аудит,Қаржы және басқа амандықтар.
Институт көптілді білім беру жобасы бойынша жұмыс жасайды. «Learn Real English” L.R. E»” («Нағыз ағылшын тілін оқы») инновациялық орталығы құрылды. Орталық жетекшісі – ғылым докторы,профессор Н. М. Какпанбаева. Деңгейлік технология бойынша (А1А2, В1В2, С1С2 1-ден 6 семестрге дейін) қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша жобалар іске асырылуда және одан әрі «Халықаралық стандартталған тіл курстары», «Халықаралық стандартталған Тілдік курстар», IELTS, TOEFL сияқты ілгері деңгей бағдарламалары бойынша екі семестр оқытылады.
«ENGLISH WITH IT» IT технологиясын қолдана отырып ағылшын тілі бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Ағылшын тілін оқу, жазу және тыңдау практикасы, грамматика, лексика, ойындар бойынша кеңестер арқылы жақсарта мақсатында ағылшын және видео, ағылшын және әлеуметтік желілер, ағылшын және музыка сияқты оқытудың инновациялық әдістерін қолдану және IT технологиямен ағылшын тілін үйрену, жаңа әдістемелерді игеру бойынша іс-шаралар қарастырылған.
British Council «English for Success» жобасы бойынша институтың 15 оқытушысы ағылшын тілі деңгейін және пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін меңгерген.
Биыл,яғни 2020 жылы институтты 500-ден астам студент бітіруде. Олар енді көп кешікпей дипломдарын алып,еңбек майданына жұмысқа қосылмақ.
Жалпы АИГИ-ге республикамыздың әр қиырынан оқуға тілек білдірушілер көп келеді. Әсіресе көрші Өзбекстан елінің жастары да көп кліп жүр. Алыс аймақтардан келетін талапкерлер үшін институттың жайлы жатақханасы да бар,онда студенттер үшін барлық жағдайлар қарастырылған.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты қызметінің маңызды сипаттамасының бірі – еңбек нарығындағы сұраныс және түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері болып табылады.
Институт Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (МДМ) мамандары жүргізген және электрондық еңбек биржасының сайтында жарияланған еліміздің ЖОО рейтингісінде 20 үздік жоғары оқу орындары қатарына кірді. 2015-2017 жылдары бітірген түлектердің нақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметтері негізге алына отырып, Республика жоғары оқу орындарының 20 көшбасшысы тізімінде Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 16-орынға орналасты.
Институт жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шарттар жасау жолымен тұрақты байланыс орнатып, түлектерін жұмысқа орналастыруға үлкен көңіл бөдеді. Бұрын жасалған шарттарды ұзарту, байланыстар орнату және ынтымақтастық туралы жаңа шарттарға қол қою бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бүгінгі таңда 86 мекемемен кәсіптік тәжірибе мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру туралы 137 келісім-шартқа қол қойылды. Олардың ішінде, аймақтың ірі кәсіпорындары «Тенгизшевройл», North Caspian Operating Company N.V. (NCOC), «Ембімұнайгаз» АҚ, «КазНИГРИ», «Ембагеодезия» ЖШС, «АтырауМұнайӨнімдері» АҚ, «Каспий барлау геофизика институты» ЖШС АФ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ және т. б.
Институтта тәрбие жұмысы тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлеуметтік, оның ішінде түлектердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың бірыңғай біртұтас жүйесі дамыған. Білім алушыларды қолдау қызметі жастар бірлестіктері – жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік өзін-өзі басқару арқылы жүзеге асырылады, оның құрамында мәдени-шығармашылық сектор, КВН командасы, спорт клубы, «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес клубы, «RAYofHOPE» волонтерлік орталығы, «Гладиатор» пікірталас клубы, «Дипломат» әдеби-танымдық үйірмесі, «Сырғалым» қыздар клубы, «Жасыл ел» студенттік жасағы, көркемөнерпаздар үйірмесі бар.
Бір сөзбен айтқанда, Атырау инженерлік-гуманитарлық нститутына оқуға келсеңіз ешқандай ұтылмайсыз! Бізде оқу ақысы да Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарындағыдан әлдеқайда төмен. Институт бүгінгі таңдағы елдегі қаржы-экономикалық қиын жағдайларды ескере отырып, жастардың білім алуларына қолжетімділік жағдай жасауда. Мүмкіндікті қалт жібермеңіз,талапкер жастар!

Қазір институтында оқуға талапкерлердің құжаттарын қабылдау жүріп жатыр.Құжат тапсыру жеңілдетіліп, автоматтандырылған онлайн режимінде қолжетімді болды. Бізбен байланыс: 8-775 267 3988,8(7122)31-93-00, 31-68-52.
Бізге pk_aigi@mail.ru мен www.aigi@mail.ru және www.aigi.kz желілері арқылы байланыса аласыздар.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Баспасөз қызметі

Leave a Reply