«Алдымда толған мақсат, толған таңдау»…

               Талапкер-2020

Немесе, мамандық таңдау-өмірлік парыз

Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының кітапханасы талапкерлер  назарына  сан-алуан  мамандықтарға   арналған  оқу құралдарын ұсынады.

Адам баласы өмірде екі нәрседен жаңылмай таңдауы керек екен. Соның бірі-мамандық таңдау. Бүгінгі мектеп бітіретін шәкірт ел тізгінін ұстайтын маман емес пе?! Сондықтан олардың біліммен қаруланып, елге қызмет етер азамат болып өсуі, өмірден өз орнын табуға дайын болуы аса қажет. Бұл тұрғыда бұрынғылардың өнегесі «Білімсіз бақыт әлдекімнің азығы, білім – бақыттың жібермейтін қазығы» десе, бүгінгі күннің ұраны «Тәуелсіз елге – білікті маман» – дейді. Ендеше екі мағыналы сөзде мамандық таңдаудың адам өмірінде алар орны ерекше екендігін айқын көрсетеді.

«Кім боламын?»  Бұл аса бір күрделі, қиын сауал. Жастарға албырт ой, ұшқыр сезім тән келеді. Өрімдей жас талапкер неше түрлі мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ, солардың ішінен қайсысының басын ұстарын білмей қиналатыны бар.  Осы жерде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың:

… Он бес пен жиырма бестің арасында,

Бұл жаста бересім көп, аласымда.

Алдымда толған мақсат, толған таңдау,

Алайын мынасын ба, анасын ба? – деген өлең шумағы барлығымызды да ойландырары сөзсіз.

Ең жақсы мамандық қайсы? Оны қалай еткенде таңдауға болады? Оны игеріп алудың жолы қандай? Міне, мамандықты дұрыс таңдау адамның бүкіл болашақ тағдырына тікелей әсер етеді. Осы ретте мамандық таңдау дегеніміз – тағдыр таңдау – дегенге саяды.

Ата-ананың аялы алақанында, ұстаздарының қамқорлығында болған шәкірттердің алдағы кезде өз орындарын өмірден табуы үлкен азаматтық парызы. Олар үшін алдарында өмірлік мәні бар үлкен бір белес, жауапты міндет тұр.  Ол-өз білімдерін жоғары дәрежеде дәлелдеп, ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсетіп, белгілі бір мамандықты дұрыс таңдай білу және оны меңгеру.

Әр жасқа өзі таңдаған мамандығы ұнауы тиіс. Ол сонда ғана барынша жігермен сол мамандықты жете меңгеруге тырысады. Өзіне ұнаған, жаны жаратқан, талғамына сай келетін мамандық ризашылық сезімін ұялатады. Ол адам сонда ғана өз мамандығын жете меңгеріп, толық  қабілетін жұмсап, еңбек етеді, өз еңбегін мақтаныш тұтады. Мұндай еңбек әрине, шабыт шақырады, ұдайы шығармашылық ізденіс үстінде болуға итермелейді.

Мамандық таңдау кезінде әркімнің психологиялық ерекшеліктерімен қатар олардың моральдық көзқарасы, ерік-жігері, борыш пен жауапкершілігі, тәуекелге бел байлағыштығы секілді қасиеттерді ескермесе болмайды. Кейбір мамандық түрлері мойымай еңбек етуді, алғырлықты, тез шешім қабылдауды керек етеді.

Қазіргі заманда ғылыми-тех­никалық прогрестің ғаламат өсуі­нің нәтижесінде еңбектің маман­дандырылу дәрежесі сонша­­­­лықты артып, шырқау биікке шарықтап кеткен  кезде мамандықтың түрі де көп. Цифрлы деректерге көз салайық. Ғалымдардың есептеуі бойынша әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар және жыл сайын 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Соның ішінде 15 мыңнан астамы жұмысшы мамандығы.

2030 жылға қарай елімізде 57 мамандық түбегейлі жойылып, оның орнын 180 жаңа  мамандық басады. Біздің Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының  өзі  бүгінгі таңда 15-тен  астам мамандыққа оқытып  шғарады. Институттығ жақында ғана рейтинг бойынша  еліміздегі  жоғары  сұранысқа сай мамандар  дайындайтын  жоғары оқу орындарының  қатарынан  орын алуы айғақ.

Ұлы данышпан Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан,» – деп жалынды жастарға өмірдегі өз жолдарын жаңылмай тауып, еліміздің өркендеуіне үлестерін қосу үшін еңбектенулері керектігін ескерткендей.

Қазір  әлемде 40 мыңға жуық мамандық бар  екен. Мамандық дегеніміз- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Адамның тағдыры оның қандай мамандық таңдағанына тікелей байланысты.

Қазіргі заманғы жоғарғы білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?

Компьютерді білу

Бірнеше тілді , ағылшын тілін білу:

Адамдармен қарым –қатынас жасай білу;

Өз тауарын, қызметін өткізе білу;

Тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау;

Үнемі білім алуға, қайта оқуға бейімділік.

Олай болса, алуан-алуан кәсіп бар,таңдай біл де талап қыл.

Бір сөзбен айтқанда, жақсы маман болғыңыз келсе, жақсы мамандық таңдағығыз келсе Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына оқуға келсеңіз, ешқандай ұтылмайсыз! Бізде оқу ақысы да Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарындағыдан әлдеқайда төмен. Институт бүгінгі таңдағы елдегі қаржы-экономикалық қиын жағдайларды ескере отырып, жастардың  жоғары білім алуларына қолжетімділік жағдай жасауда. Мүмкіндікті қалт жібермеңіз,2020  жылдың талапкер жастары!

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының қабылдау комиссиясы талапкерлер құжаттарын шектеусіз қабылдауда. АИГИ кітапханасы  талапкер оқырмандардың назарына төменде көрсетілген мамандықтарға арналған оқу құралдарын ұсынады.Оқыңыздар,танысыңыздар!

     АИГИ  Баспасөз  қызметі.

Leave a Reply