«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ»

АИГИ: «Рухани жаңғыру» жолымен

«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ»

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының кітапханасы мен Атырау қалалық №1 орталықтандырылған кітапханасы Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары бойынша іс-шараларды және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа адғашқы Жолдауын насихаттауды 2019-2020 оқу жылдары бірлесіп жүргізуге келісім-шартқа отырды.  

Осындай игі шаралардың бірі институттың  оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысқан «Президент Жолдауы-дамудың тірегі» тақырыбында өткен Ақпараттық сағаты болды. АИГИ кітапханасының меңгерушісі Сәния Ниғматуллина Ақпарат сағатын ашып,бірлескен іс-шаралардың маңызына тоқталды.

Атырау қалалық №4 жылжымалы  кітапхана меңгерушісі Замира Құмарова Қазақ елі тарихына шолу жасай келе Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев  пен ел тәуелсіздігінің 28 жылы туралы қызықты әңгімелер айтып,деректі фильм көрсетті. 

Елбасымыз Н.Назарбаев тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы Жолдауын 1997 жасап,елдің алдағы   2030 жылға дейінгі стратегиялық бағытын белгілеп берген еді. Осы жоспармен жүрген еліміз дамыды, өркендеді.Әлемдегі 50 алдыңғы қатарлы елдер санатына енді. Елбасымыз барлығы 23 рет халыққа Жолдау жолдаған екен. Олардың әрқайсысының арқалаған жүгі ауыр  екені белгілі, — деді Атырау қалалық орталықтандырылған №1 кітапхананың №4 жылжымалы кітапханасы меңгерушісі Замира Бибиқызы Құмарова.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты   халыққа Жолдауына №4 жылжымалы кітапхана жетекшісі Замира Бибиқызы жан-жақты талдау,аудиториямен диалог жасап,нақты мысалдар негізінде  түсіндірді. 

Институттың Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер  кафедрасының оқытушысы,магистр Болат Жұбанов  Қазақстанның бүгінгі таңдағы әлемдегі орны мен  Тұңғыш Президент,Елбасы Н.Назарбаевтың ролі туралы жан-жақты әңгімеледі.

Институттың оқу ісі жөніндегі проректоры,профессор Жамиля Хасанова Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауларының маңызы мен міндеттерін, олардың әрқайсысының көтерер жүгі ауыр екенін айтты. Әсіресе, биылғы Жолдауда Президентіміз Қ.Тоқаев ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын,алда тың міндеттер тұрғанын  жеткізді, — деді Жамиля Садыққызы. 

Жолдауды жүзеге асыруда АИГИ-де айтарлықтай жұмыстар жасалуда. Жолдауды ұжым бұған дейін де бірнеше рет талқылап, профессор-оқытушыларға,студенттерге түсіндірдік. Алдағы 2020 жылы  алдымызда білім сапасын арттыру, білікті мамандар даярлау жолында үлкен міндеттер тұр. 2020 жылды Президент Еріктілер, яғни волентерлер жылы болады деді. Осы орайда біздің институтта көп іс жасалып келеді. Бізде 37 волентер бар. Олар жақсы істерімен көрніп отыр. 

Жұмыс  жасаған волентерлерге  үкімет есебінен ай сайын 25 мың теңге жалақы төленеді,бұл студенттер үшін қосымша жақсы табыс. Олардың жұмысын басқаратын бөліміміз де бар екенін проректор Ж.Хасанова айтып, осындай маңызды іс-шараны мазмұнды өткізгені үшін Атырау қалалық №4 жылжымалы кітапхана ұжымына ризашылығын жеткізді.

Атырау қалалық орталықтандырылған №1 кітапханасына қарасты №4 жылжымалы кітапхана Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев және Тәуелсіздіктің 28 жылдығы туралы, сондай-ақ Президент Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты   халыққа Жолдауына орай материалдар мен кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

Студенттерді Атырау қаласының Авангардтағы 3-ықшам ауданының 47-үйіндегі күрделі жөндеуден өтіп жаңартылған  заман талабына сай орталық кітапханасына шақырды. Мұнда студент жастар үшін барлық жағдай жасалғанын, тегін интернет-вайфай, коворкинг орталығы, демалыс бөлмесі, ойын залы, тағы басқалар барлығын айтты.