«ТАЗА СЕССИЯ-САПАЛЫ БІЛІМ» ДЕВИЗІМЕН

Тәуелсіз Қазақ елінің  экономикасы мен әлеуметтік ,мәдениеті салаларына білікті  кадрлар даярлап жіберу- Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының  ең басты  мақсаты. Сондықтан студенттердің лекция сабақтарына  жүйелі  келулері мен есеп-емтихандарға  белсенді қатысулары, АИГИ  ұжымы   мүшелерінің корпоративтік этикасы мен студенттердің Ар-намыс кодекстері  сақталуы  жіті назарда.Осы ретте институттың «Саналы ұрпақ» және «Парасаттылық мектебі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдары  студенттермен бірқатар  іс-шаралар  атқаруда.

2019 жылғы 21 тамызда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінде парти төрағасы Н.Назарбаев   «Сенім. Диалог.Болашаққа нық қадам — «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты  партия жұмысын  жаңғырту бағдарламасын  ұсынып, оқу орындарында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жұмыстарын  жүргізуді тапсырған болатын.  Осыған сәйкес АИГИ  институтында оқу  процесінің барысында және  жатақханамызда сессия аралық бақылау  сынақтары   аралығында «Таза сессия» акциясы өткізіліп  келеді.

Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастырып, оны кең көлемде насихаттау мақсатында ашық сағаттар мен анонимді сауалнамалар жүргізіліп  отыр. 31-93-00, 31-93-04-«Сенім телефондары» жұмыс жасайды.Арнайы стенділер жасалды. Осылайша  АИГИ «Таза сессия — сапалы білім» девизімен жұмыс жасауда .

Біздің  институттың  жатақханаларында тәртіп пен  тазалық  мәселесіне қатаң талап  қойылады. Тәрбиешілер,кураторлар  әрқайсысы өз міндеттерін нәтижелі атқаруда. Бірінші курс студенттерімен жатақханада кешкісін  жиналыстар  өткізіліп, АИГИ  профессор-оқытушыларының және студенттерінің корпоративтік  мәдениеті кодексі таныстырылды.

Бірқатар жатақханамәдениетін сақтамаған, ішкі тәртіпті бұзған жастарға шара қолданылды.

«Таза сессия» акциясы  шеңберінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау  мақсатында «Гладиатор» дебат клубы  тренингтер өткізді. Орал қаласында өткен республикалық дебатшылар клубтарының сайысында да біздің институт  командасы өткен жыл аяғында жақсы нәтижемен  оралды,-дейді АИГИ Жастар мәселелері жөніндегі комитет төрайымы Алтынай Түгелбаева.