Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының барлық тәрбие жұмыстары «бірлік», «ынтымақ», «ауызбіршілік» мағыналарында UNITY атауымен біріктіріліп, «We are one», яғни, «Біз бірміз» ұранымен жүзеге асырылады.
UNITY құрамында:
Ray of hope – 2016 жылы гуманитарлық қолдау көрсету барысында студенттердің саяси-әлеуметтік мәдениетін және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру, халықтың әлеуметтік қорғау жүйесіне негізделген жастардың ерікті бастамасымен құрылған. Волонтерлер түрлі шараларға қатысып, айналадағы адамдарға көмек қолын ұсынады. Бұл клуб тек қана студенттерден құралмайды. Кез-келген адам волонтер бола алады. Институт жастарынан құралған волонтерлер 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесіне барып қайтты.
![]() | Сүйіндікова Айназ «Ray of hope» волонтерлер клубының жетекшісі. Инф-17/119 тобының студенті |
|---|---|
![]() | Қаберов Нұрбол «Ray of hope» қайырымдылық клубының жетекшісі Стр-16/107 тобының студенті |
![]() | Мизамов Азамат «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес клубының жетекшісі Стр-16/107 тобының студенті |
|---|
«Дипломат» әдеби-танымдық үйірме – әдеби шығармашылыққа (әдеби-музыкалық қойылым, айтыс, мүшайра) бейім студенттерді біріктіріп, реферат, эссе, ғылыми мақалалар жазудағы ізденістеріне жол ашуға бағыт-бағдар беруге қажетті орта қалыптастыруға үлес қосады. Осы бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырады.
| Сисембаев Мұхаммәд «Дипломат» әдеби-танымдық клубының және «Жасыл ел» студенттер отрядының жетекшісі НГД – 16/101/2 тобының студенті |
«Гладиатор» пікір-сайыс клубы – жастардың азаматтық көзқарасын, интеллектуалды өсуіне жағдай жасап, пікір-сайыс турнирлерін ұйымдастыруға көмектеседі.
| Аймақова Мадина «Гладиатор» дебат клубының президенті Э-16/111 тобының студенті |
АИГИ-дің КТК құрама командасы «АИГИ құрамасы» – КТК ойындарын ұйымдастырып, жастардың осы бағытта ізденіп, шығармашылық өсуіне көмек көрсетеді. Қалалық, ЖОО аралық, аумақтық және республикалық жайдарман ойындарына қатысу.
| Қайырбекұлы Данияр
«АИГИ құрамасы» КТК командасының капитаны НГД-16/101 тобының студенті |
«Көркемөнерпаздар» үйірмесі – қалалық және институтішілік, ЖОО арасындағы мерекелік іс-шаралар мен жарыстарға түрлі ұлттар биін дайындап, мерекелік бағдарламаларға, түрлі музыкалық аспапта ойнайтын өнерлі жастарды дайындап, мерекелерде өз өнерлерін көрсетуге, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнайтын студенттерді даярлап, түрлі іс-шараларға, заманауи би түрлерімен қоса шығармашылық жолға қадам басқан студенттерді заманауи би түрлеріне баулып, қалалық, республикалық жарыстарға дайындайды.
| Молдиева Наркиза «Көркемөнерпаздар» үйірмесінің жетекшісі Фин-16/114 тобының студенті |
Спорт үйірмесі – спорттық іс-шараларды ұйымдастыру. Спортшыларды және құрама командаларды дайындау; спорт секцияларын құру; спортқа бейім студенттерді анықтап, қала, институтішілік жарыстарға (волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, стол теннисі) дайындау.
| Маукенов Артур Спорт үйірмесінің жетекшісі РТ -18/106 тобының студенті |
«Сырғалым» қыздар клубы - бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу мақсатында құрылды.
| Мағзомова Айнұр «Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы |
Студенттер үйі - Студенттер үйі 210 орындық, 1-4 қабатқа дейін Wi-Fi интернет жүйесі бар, 1ші-қабатта шаруашылық бөлімі орналасқан, 8 қызметкер жұмыс атқарады, студенттер үйінің меңгерушісі – 1, кезекші – 3, еден жуушы – 2, тәрбиеші -2, асхана, мед.пункт, ине егу бөлмесі, демалыс бөлмесі және әдеби кітаптар қоры бар. 2-4 ші-қабаттар АИГИ студенттеріне берілген тұрғын бөлмелер, әрбір қатарда тұрғын бөлмелерге арналған жуыну бөлмесі бар. Бір бөлме 2, 4 студентке арналған, оның ішінде тұрмысқа қажетті жиһаздармен және төсек жабдықтармен қамтамасыз етілген.
| Қадыров Бекежан Студенттер үйінің жетекшісі АжБ – 17/103 тобының студенті |



