2017 жыл
Институт Қазақстан Республикасының БжҒМ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге жүргізген жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингіне қатысты. Рейтинге 114 ЖОО білім беру бағдарламаларын ұсынды http://atameken.kz/ru/services/44-rejting-obrazovatel-nyh-programm-vuzov.
Рейтинг 9 критерий бойынша жүргізілді - білім беру бағдарламаларының өзектілігі, түлектерді жұмысқа орналастыру және түлектердің орташа жалақысы, қолданылатын әдебиеттің өзектілігі, пәндер мен оларға бөлінген кредиттің сәйкестігі, пәндердің өзектілігі мен жаңалығы, білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілер бірлестігімен үйлестіру, білім беру бағдарламаларына инвестиция салу, мұғалімдердің практикалық (өндірісте жұмыс істеген) тәжірибесі болуы.
Рейтингті құрастырудың маңызды құралы - былтырғы жылы Институтті бітірген мамандарға сауалнама жүргізу болды. Сарапшылар тобын студенттердің қаншалықты алған білімімен қанағаттанғандығын, олардың алған дағдыларының жұмыс орнында қаншалықты пайдалы болғаны қызықтырды.
| | | |
| | 5В070800-Мұнай-газ ісі | |
| | 5В072900-Құрылыс | |
| | 5В073200-Стандарттау және сертификаттау | |
| | 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар | |
| | 5В070200-Автоматтандыру және басқару | |
| | 5В060200-Информатика | |
| | 5В011900-Шетел тілі: Екінші шетел тілі | |
| | 5В050600-Экономика | |
| | 5В050900-Қаржы | |
2018 жыл
2018 жылға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысымен «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (МДМ) мамандары жасаған және Электронды еңбек биржасы сайтында жариялаған еліміздің жоғары оқу орындарының рейтингі бойынша біздің Институт қарастырылған Қазақстанның 101 жоғары оқу орындарының арасында 16-шы орынды иеленеді.
Рейтингке 2015-2017 жылдары университетті бітірген түлектердің нақты жұмысқа орналасуы негіз болды.
Рейтингге сонымен қатар, жұмыспен қамту деңгейі, жұмыс орнының тұрақтылығы, бос жұмыс орындарын іздестіру ұзақтығы, түлектер жалақысын төлеу көрсеткіштері ықпал етті. https://kursiv.kz/news/obrazovanie/2019-01/top-20-vuzov-kazakhstana-po-vostrebovannosti-ikh-vypusknikov.

