Қашықтан оқыту: Аралық және қорытынды аттестация өткізу жөніндегі нұсқаулық

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында (АИГИ) қашықтан оқыту технологиясымен жұмыс жасай отырып, биыл институтты бітіретін түлектер білуге тиісті нұсқаулықтар бар.

ZOOM платформасында қашықтан оқу, емтихандарды тапсыру,жазғы сессия және оқу бітірушілердің қорытынды мемлекеттік аттесатциясы , дипломдық жұмыстарды қорғауы және басқа да мәселелерге орай Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры,профессор Е.У. Ихсанов пен проректорлар,оқу-методикалық бөлімі жан-жақты түсініктер,методикалық нұсқаулар беруде.
Биыл АИГИ-ді 509 студент бітіреді деп күтілуде. Қашықтан білім беру технологиясы бойынша барлық жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің әдістеме-методикалық нұсқамасына сәйкес жүргізілуде. 13 мамырдан бастап институтта бітірушілердің диплом қорғауы басталады.
Бітірушілерге диплом қорғауды үш вариантта іске асыруға болады.Олар: онлайн режимі, офлайн режимі және кейінге шегеріп,қалаған уақытта қорғау екендігі айтылды.Бітіруші түлек, мемлекеттік емтихан тапсыра ма,әлде оқу жылдарындағы бағаларының жиынтық (сумарный) балына қанағаттана ма тездетіп шешулері тиіс.
Институт электронды почтасы: atyrau@aigi.kz .Call –Орталық:
8 701-741-51-58, 8701-596-56-46, 8701-656-09-18. Жазыңыз,хабарласыңыз!

АИГИ Баспасөз қызметі

Leave a Reply