БІЗДІҢ ДЕВИЗ :  «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА – ЖОЛ ЖОҚ!»

АИГИ:  «Адалдық алаңы» – іс жүзінде

 

  БІЗДІҢ ДЕВИЗ :  «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА – ЖОЛ ЖОҚ!»

     Қазақақстан республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен  келісілген Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының  «Саналы  ұрпақ» жобалық кеңсесінің  кешенді  жоспарына  сәйкес  бірқатар іс-шараларды  пандемиялық  карантин  талаптарын  сақтай отырып,  онлайн  жағдайларында  өткізіп келеді.   

     Ұлы тұлғаларымыз  Абай Құнанбаевтың  «Ар-намыссыз – ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл»,Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет»,немесе  Мұхтар Әуезовтың  «Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды», тағы басқа да ұлағатты сөздерін басшылыққа  ала отырып,жастардың санасына бөтеннің ала жібінен аттамауға,намыс отын  жоғары ұстау,  өскелең  ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық,отансүйгіштік құндылықтарын    қалыптастыруға күш салып келеміз. Осы реттерде  барлық   факультеттерде,бөлімшелерде    бірыңғай  «Адалдық сағаттарын», «Таза сесия» акцияларын,сауалнамалар, кураторлық сағаттар  мен  институт ректоры мен факультеттер  басшыларының  онлайн  тіке  байланыс  қабылдаулары  өткізіліп  келеді.

    АИГИ-дің интернет сайтында  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес»    арнайы бетшесі ашылды.Мұнда институтта жасалып жатқан барлық  жұмыстармен ,яғни коррупциямен күреске байланысты  нормативті-құқықтық актілермен,әдістемелік материалдармен,институттағы жемқорлықпен күрес комиссиясы жұмысымен,осы бағыттағы бейне роликтермен,бұл індетпен  күрес туралы анкеталармен танысуға болады.

     Жемқорлық іс-әрекеттермен күрестің стандарттары,коррупциялық іс-әрекеттерге қарсы саясат,Академиялық адалдық туралы ережелер  жасалып,барлық бөлімшелер мен факультеттер жұмыста басшылыққа  алып  отыр. Алқалы орган-сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы институтта  осы қауіпті індеттің жолын кесу және болдырмау мен жемқорлық әрекеттердің себеп-салдарын анықтап,коррупцияға қарсы саясатты жетілдіру  мақсатында  жұмыс жасап келеді.

     2020-2021 оқу жылының жоспарына барлық  факультет пен бөлімшелерде  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениеті» тақырыбы  енгізілді.Осы тақырып бойынша профессор-оқытушыларымыз  лекциялар циклын   дайындап,студенттерге  оқуда.

     Жемқорлықтың  қауіпті індет екендігі туралы  үгіт-насихаттық  қабырғалық  көрнекілер, банерлер, буклеттер мен жадынамалар,тағы басқалар  жасалып келеді.Бұлардың  да көп ықпал,пайдасы бар екенін айту керек.

     АИГИ-де  студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында   тұрақты түрде әр сессия алдында  «Таза сессия» , «Адалдық алаңы» акциялары өткізіледі. Анонимді сауалнамалар өткізіліп,онда  білім алушылар өз көзқарастарын ашық айтып жүр.Мұның өзі институтымызда жемқорлық  әрекеттердің жоқтығына  көз жеткіздіреді.

     Атырау  инженерлік-гуманитарлық институты қысқы емтихан сессиясын ұйымдастыру тәртібі бойынша білім алушылармен жүйелі кездесулер,онлайн-кеңестер,кураторлық сағаттар,т.б. өткізді. Институтта еліміздегі  жоғары оқу орындарының  Академиялық адалдық лигасының үміткерлері қатарына кіру бойынша да нақты жұмыстарды атқаруда.

     Қысқы  емтихан  сессиясы  алдында  Академиялық адалдық қағидаларын сақтау мақсатында   ПРОКТОРИНГ  жүйесі енгізілді.   Студенттердің сапалы білім алып жатқанына көз жеткізудің жалғыз жолы – емтихан уақытында үздіксіз бақылау жүргізу және онлайн-прокторингті қолдану. Пандемия  кезінде жоғары оқу орнымыз қашықтан оқыту форматына көшіп қана қоймай, білім сапасын жоғалтпау үшін тиісті шаралар қабылдауы керек болды. Емтихандардың онлайн форматта әділ өтуін енді компьютерлер қадағалайды. Диплом алған маман дұрыс білім алып шығуы керек.

     Онлайн прокторинг – қашықтан емтихан тапсыру кезінде көшіруді және басқа да әділетсіздіктің алдын алатын цифрлық шешім. Оны әлемдегі озық  ЖОО  қолдануда. Сапалы онлайн прокторинг тірі адам сияқты студентті дәл сол уақытта веб-камера арқылы бақылап, артық қимыл жасамауын қадағалайды. Студенттің көз және ерін қимылдарын бақылап, шпоргалка  пайдаланса, немесе бөлмедегі бөтен адамнан көмек сұраса бірден анықтайды.

     Емтихан аяқталғаннан кейін жүйе тек студент қимылының ғана емес, компьютерінің экранында ашқан сайттар мен құжаттар бейнесін сақтайды, күдікті әрекеттер хаттамасын жасайды және студенттің «күдік рейтингін» есептеп шығарады. Прокторинг- сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің бірден-бір  жолы.Бұл-уақыт талабы,академиялық адалдықтың  әділ  жолы.

     Құрметті  біздің студенттеріміз, Сіздерге прокторинг жүйесі  жағдайында емтихандарды  тапсыру  туралы бейне нұсқаулық  та  Aigi.kz  сайтымызда  бар. Институт  тарапынан студенттердің  14-21 желтоқсан аралығындағы  қысқы  сессияда емтихандарды сәтті тапсырулары үшін барлық жағдайлар  жасалынды.

     Институттағы Тәртіптік кеңес  те сыбайлас жемқорлық  әрекеттерінің жолын кесуге бірден-бір ықпалды  ұйым  болып отыр.Кеңес оқу жылына арнайы жоспармен жұмыс жасайды.

     Кеңес жұмысының  негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу .

     Жемқорлықтың түп  тамырына балта шабу  үшін  жас ұрпаққа рухани тәрбие беруді де жақсарту керек. Осы бағыттарда институтта Жастар комитеті мен «Рухани жаңғыру» орталығы да әрбір  оқу жылында  арнайы  жоспармен жұмыстар жасап,іс-шаралар өткізіп келеді.

     АИГИ студенттері сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы халықаралық, республикалық байқау-жобаларға  қатысып  жүр. Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған  осындай жоба байқауында студентер Үздіктер  қатарынан  орын алып,алтын белгіге ие болғаны мақтаныш.Сондай-ақ аға оқытушы Алтынай Түгелбаеваның басшылығымен өткен оқу жылы Ресейдегі  жоғары оқу орындары арасындағы   сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы байқаудан  біздің бірнеше студентіміз  жүлделі оралған еді.

     9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне  орай Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Сыбайлас  жемқорлық –  бұл  әлемдік  қоғамның  жаһандық  проблемасы» тақырыбында  конференция өткізіліп,бұл  індетпен күрес  жағдайлары кең талқылау болды.

     Конференциямызға Атырау облысы адвокаттар кеңесінің өкілі,тәжірибелі заңгер А.К.Омарова,Атырау облысы Полициясы басқармасы  бастығының орынбасары Р.О.Ешманов,Атырау облысы Полициясы басқармасы кадр саясаты бөлімі басшысы   А.Х.Құбашев қатысып,тілектері мен ұсыныстарын,ойларын айтты, институттың профессор-оқытушылары  мен онлайн арқылы  қатысқан студенттердің сауалды  мәселелеріне  түсініктерін  берді. «Бизнес,басқару және құқық» кафедрасы меңгерушісі,профессор,ішкі істер  органының  бұрынғы полковнигі  Б.Ж.Исеев  жемқорлық әрекеттермен күрес бағытында өмірлік бай тәжірибесін  студенттерге айтудың тиімді әдіс-тәсілдерін ортаға салды.

     Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының  «Адалдық алаңының»  басты мұраты-сыбайлас жемқорлықсыз ,адалықты  ары санайтын ұжым қалыптастыру. Осы мақсатқа  бүкіл ұйымдастыру-оқу-әдістемелік, тәрбие-насихаттық жұмыстар үрдісі жұмылдырылған.

 

                                                                                   Е.Биғали,

                                                                              АИГИ Баспасөз  қызметі.