ХАБАРЛАНДЫРУ

Атырау инженерлік-гуманитарлық нститутының ректоры, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының мүше-корреспонденті Ерсайын Валитханұлы Ихсанов үстіміздегі жылғы 20 тамызда «2020-2021 оқу жылы білім беру процестерін ұйымдастыру мәселелері» бойынша ZOOM форматында бейне – конференция өткізеді. Барлық профессор-оқытушылар құрамы бейне-конференцияға қосылуға міндетті.

«Талапкер-2020» «МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ – АИГИ ! Құрметті талапкер жастар!

Адам баласы өмірде екі нәрседен жаңылмай таңдауы керек екен. Соның бірі-мамандық таңдау. Бүгінгі мектеп бітіретін шәкірт ертең ел тізгінін ұстайтын маман . Сондықтан олардың біліммен жақсы қаруланып, елге қызмет етер азамат болып өсуі, өмірден өз орнын табуға дайын болуы аса Read More …

«Талапкер-2020» АИГИ–ЖАҢА МАМАНДЫҚҚА ОҚЫТАДЫ

2020-2021 жаңа оқу жылынан Атырау инженерлік-гуманитарлық институты жаңа мамандыққа: 6В04104 – Менеджмент және басқару (бакалавриат) мамандығына оқытуды бастайды. Институтқа мемлекеттік рестрден өткендігі туралы құжаты келді. Қазір институтта талапкерлер құжаттарын жаңа мамандыққа қабылдау бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің халық алдындағы есеп беру кездесуі онлайн режимде өтеді

4 маусымда сағат 10:50-де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің халық алдындағы есеп беру кездесуі онлайн режимде өтеді. Министрдің есеп беру кездесуінің жұмысына онлайн режимде қатысуға төмендегі сілтемелер арқылы қосылу керек: – https://www.facebook.com/edugovrk (Министрліктің фейсбуктағы ресми парақшасы); – Read More …

Білім беру ұйымдарына қабылдауға құжат тапсыру жеңілдетілді

Жоғары оқу орындарына , колледждерге және балабақшаларға, мектептерге, қабылдау үшін құжат тапсыру жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке сілтеме жасап.

«Талапкер-2020» Жақсы маман болғың келсе АИГИ-ге кел!

Биыл алдағы, жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарына, колледждерге, мектептерге және балабақшаларға қабылдау үшін құжат тапсыру жеңілдетіліп, автоматтандырылған режимде қолжетімді болады. Енді балаларға құжаттарды қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ, әрбір болашақ студент өзі үшін таңдаған ЖОО-ның сайттары немесе «Электрондық Read More …

Хабарландыру

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық және ғұлама ғалым,әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына орай онлайн-семинарға барлық профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді қатысуға шақырады.

АИГИ РЕКТОРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

2020 жылдың 16 наурызынан бері елдегі Төтенше жағдайға орай Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ( АИГИ ) қашықтан оқыту технологиясымен толық көлемде жұмыс жасап келеді. Биыл институтты 509 студент бітіреді деп күтілуде. Студенттер қазір дипломалды өндіріс-тәжірибелік жұмыстары есептерін онлайн форматында тапсыруда.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер және ғалымдар! Ғұлама ойшыл Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай kazconf.com – ғылыми конференциялар порталы «Ғылым және инновациялар: жаңалықтар, мәселелер мен жетістіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференцияға барлық білім алушылар мен ғалымдарды шақырамыз.