АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ/МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

Атырау инженерлік - гуманитарлық институты 2019 жылдың 25-29 наурыз аралығында институттың білім беру қызметі ҚР БжҒМ белгілеген нормативтерге (ережелерге) сәйкестігін тану тәртібі, олардың сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді механизмдерінің болуын растау мақсатында «ARQA» аккредиттеу және білім сапасын сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігінен

АИГИ 1-наурыз - Алғыс айту күнін тойлады !

Алғыс айту күні көктемнің алғашқы шуағымен енетін, соңғы жылдары енсе де дәстүрге айналған қауышу мерекесі.
Осы алғашқы көктемгі мереке 1-наурыз күні АИГИ оқытушылары мен студенттері Алғыс айту күнін тойлады.
Мерекеге байланысты АИГИ белсенді жастары концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар, мерекелік шараның қонақтары бір-біріне алғыстарын білдірісіп, қазақтың бауырсақ, көже сияқты ұлттық тағамдарынан ауыз тиді.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына Сәтбаев Университетінің өкілі келіп кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді

2019 жылдың 1 ақпан күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ұжымына Сәтбаев Университетінің ЖОО кейінгі білім беру департаменті өкілі келіп кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты – докторантураға түсу талаптарын түсіндіру, докторант дәрежесі арқылы жетуге болатын жаңа мансаптық мүмкіндіктермен ұжымды таныстыру. Сәтбаев Университетінде оқудың артықшылықтары мен еңбекпен қамту мәселелеріне кеңінен түсінік беру. Аталған шараға институттың магистрлері қатысып, әртүрлі сауалдар бойынша консультация алды.