Құрметті ұстаздар!!!

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессор-оқытушылар құрамы, барша ұжымы Сіздерді кәсіби мереке – ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ бақытты өмір, шығармашылық үлкен жетістіктер тілейміз!

Халқымыздың хас батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз».
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – елімізге қажетті білікті мамандар даярлау ісінде біздің мақтанышымызсыздар! Еңбектерің жана берсін!

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры,
ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Е.У.ИХСАНОВ