Құрметті талапкерлер, құрметті ата-аналар!
Біз Сіздерді Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына оқуға шақырамыз!
АИГИ - Батыс өңірінің аккредиттелген үздік жоғары оқу орындарының бірі, және Қазақстанның білім беру рейтингтерінде жетекші орынға ие.
АИГИ 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің № 472 бұйрығымен № 000065 мемлекеттік лицензия негізінде жоғары білім беріп келеді.
Оқу орны 2015 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестациясынан табысты өтіп, жоғары білім кеңістігінде өз мәртебесі мен имиджін көрсете алды. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мемлекетіміздің 101 Қазақстандық ЖОО ішінде 20 Көшбасшы жоғары оқу орындарының қатарына еніп, 16 орынды иеленді.
Атырау инженерлік - гуманитарлық институты 2019 жылдың 25-29 наурыз аралығында институттың білім беру қызметі ҚР БжҒМ белгілеген нормативтерге (ережелерге) сәйкестігін тану тәртібі, олардың сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны жетілдірудің тиімді механизмдерінің болуын растау мақсатында «ARQA» аккредиттеу және білім сапасын сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігінен институционалдық/мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Оның нәтижесінде институттың 2013-2018 жылдардағы өзін-өзі бағалау қорытындыларын қарастырып «ARQA» аккредиттеу және білім сапасын сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігінің стандарттарына және Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде сапаны қамтамасыздандыру стандарттары және нұсқаулықтарына (ESG) сәйкес, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты институционалдық/мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.
Біздің институтта әр студент сапалы білім алып қана қоймай, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи білім беру бағдарламалары бойынша білім ала отырып, әр салада жоғары білікті маман болуға барлық мүмкіндіктері бар:

Институтқа қабылдау мынадай тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
• Орта мектепті және арнаулы орта оқу орнын бітірген талапкерлер – ҰБТ, кешенді тест (КТ) сынағының нәтижесі бойынша берілген сертификат негізінде оқуға қабылданады;
• Екінші жоғары білім алушылар – кез келген мамандыққа емтихансыз қабылданады.
Күндіз оқыту бөлімінде оқу мерзімі – 4 жыл, жоғары білім негізінде – 2 жыл, арнаулы кәсіби орта білім негізінде оқуға түсушілерге –3 жыл.
Институтты бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Артықшылықтар мен жеңілдіктер:
- өлкеміз бойынша ең төмен оқу ақысы;
- оқу ақысы институтты бітіргенге дейін өзгермейді;
- оқу ақысын төлеудің ең тиімді жүйесі;
- оқу озаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған;
- оқу озаттары үшін академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша оқыту мүмкіндігі;
- биылғы оқу жылында мектепті үздік бітірушілер бірінші семестрде тегін оқытылады;
- спорт, өнер салаларында халықаралық, республикалық дәрежедегі сайыстарда жоғары жетістіктерге жеткен студенттерге де оқу ақысына жеңілдіктер көзделген;
- барлық студенттер үшін Интернет жүйесін тегін пайдалану мүмкіндігі;
- шет тілін және компьютерлік техниканы терең игеру мүмкіндігі;
- басқа облыстардан немесе аудандардан келген студенттер үшін жатақханадан орын беріледі;
- студенттер үшін дәрігерлік пункт жұмыс жасайды;
- ҰБТ немесе КТ-дан белгіленген шекті балды ала алмаған талапкерлер де шартты түрде оқуға қабылданады.
Институт құрамында жоғарыда көрсетілген мамандықтар бағытында орта кәсіптік мамандар даярлайтын Колледж жұмыс жасайды.
Біздің институтта сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалған. Келіңіздер, Сіздер үшін институтымыздың есігі ашық!
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:
1.Білімі туралы құжатының түпнұсқасы (аттестат немесе диплом)
2.Дәрігерлік анықтама 086-У (түпнұсқасы)
3.3×4 сурет- 4 дана
4.Төлқұжат (көшірме) - 2 дана
5.Мекен-жай анықтамасы
Біздің мекен-жайымыз:
060011 Атырау қаласы, Худин көшесі, 6
Instagram @aigi_institute
Тел/факс: 8 (7122) 31-68-52, 8 702 893 0668
www.aigi.kz;
Е-mail [email protected];
