БІЗ ТУРАЛЫ

Біліктілігі жоғары мамандарды даярлау, білімді және тұлғалық даму – бұл кешенді үрдіс, осының ішінде маңызды орынды тәрбие алады, студенттерді инллектуалдық, ұйымдастырушылық және мәдени негізде дамытуға бағытталған.

Оқыту мен тәрбиелеуді оқу үрдісінде бөліп қарастыруға болмайды, Әбу-Насыр Әл-Фараби айтпақшы: «Тәрбиесіз берілген –білім, білім емес». Оқу процесіндегі тәрбие беру- жастардың әлемге деген көзқарасын дамытып, мінез-құлқын, өзіндік пікірін ашық айтуға жәрдемдеседі.

Институттағы тәрбие беру келесі құрылым бойынша құрылған: ректорат – жастар ісі жөніндегі комитет – деканаттар – кафедралар – кураторлар – жастардың қоғамдық ұйымы – студенттік өзін-өзі басқару.

Тәрбие бөлімінің бұл құрылымы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқу-тәрбие процесіндегі бірден-бір негізгі элементтерінің бірі, ол жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Институт ректораты тәрбие жұмысына көп көңіл бөледі. Осы бағыттағы сұрақтар институт Кеңесінде қарастырылып отырады, яғни бұл институтымызда ҚР заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын, Білім және Ғылым Министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін және жастар саясатының, ғылымның, мәденитеттің және ғылыми-техникалық революцияда сапалы түрде орындалуын қамтамасыз етеді.

 

МИССИЯСЫ

Жастар ісі жөніндегі комитет жұмысының миссиясы – барлық жағдайды жасай отырып жастарды дамуға, өзін –өзі дамытуға және әлеуметтік тұрғыда студентті Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшаларын, елінің патриоты ретінде интеллектуалдық және қоғамдық, профессионалдық тұрғыда қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға бағыт-бағдар беру.

МАҚСАТЫ

ЖІК  міндеттері:

  • Институтта және факультеттерде тәрбие жұмысы бойынша ағымдағы жоспарға сай іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • Коғамдық ұйымдардың, студенттік бірлестіктердің, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының  жұмысын бақылау;
  • Факультеттерде атқарылатын шараларға анализ және мониторинг жасау;
  • ҚР білім беру саласындағы жаңартуларға сәйкес, институттың тәрбие жұмысын жаңа сатыға көтеру.

Негізгі қызмет түрлері:

  • Институттың тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық-әдістемелік бағыты бойынша қажет құжаттарды даярлау;
  • Студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру;
  • Кураторлар Кеңесінің жұмысын қадағалау;
  • Студенттік ортада құқықбұзушылыққа байланысты факультеттер жұмысын қадағалау;
  • Басқа қала, аудан студенттерінің жатақханаға орналастырылу мәселесін бақылау;
  • Оқудан тыс уақытта әр түрлі мерекелер, экскурсиялар,студенттердің мұрындық болуымен іске асатын шараларды ұйымдастыру;
  •  Оқу орнындағы тәрбие ісі және жастар саясаты жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпараттарды, баяндамаларды  дайындау (ҚР Білім және ғылым министрлігіне, Ғылыми кеңеске, ректоратқа, ректорға).

ЖІК ҚР Үкіметінің 29.06.2012 ж. бекіткен өкіміне байланысты,  барлық білім беру ұйымдарының  тәрбие ісі жұмысын күшейту жайлы типтік кешендік жоспарға сай,  9 бағыт бойынша  тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады.

  • Патриоттық тәрбие;
  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі;
  • Саяси және құқықтық мәдениеттік тәрбие;
  • Көшбасшы қасеттерін тәрбиелеу;
  • Экология және еңбек тәрбиесі;
  • Көпмәдениетті тәрбие;
  • Зияткерлік тәрбие;
  • Салуатты өмір салтын тәрбиелеу;
  • Дін тәрбиесі.

 

 

ҚЫЗМЕТІНІҢ НОРМАТИВТІ НЕГІЗДЕРІ

 

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Ғылым» туралы заңы;
  • Қазақстан Республикасының «ҚР Тілдер» туралы заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы;

 

АИГИ-ДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Сапа саласындағы мақсаттар

1. Студенттердің бойында патриотизмді, толеранттылықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді қалыптастыру және дамыту:

* Патриоттық тәрбие бойынша 40 іс-шара
* Студенттердің діни экстремизмнің және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 20 іс-шара
* 40 мәдени-демалыс іс-шаралары
* 20 спорттық-бұқаралық іс-шаралар

2. Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру:

* Белсенділер үшін 5 семинар-тренинг өткізу
* Институттың Кадрлық резервіндегі студенттік өзін-өзі басқару белсенділерінің санын 50-ге дейін ұлғайту%
3. Тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша практикалық тәжірибені жинақтау:

* Жылына 1 рет ЖІК бастығы мен мүшелерін форумдарға, конференцияларға, семинарларға қатысу үшін ҚР жетекші жоғары оқу орындарына іссапарға жіберу.
* Тәрбие жұмысы бойынша 1 әдістемелік құрал әзірлеу