Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Батыс Қазақстанның алғашқы жеке меншік жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. АИГИ-ді құру идеясы халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты, Қазақстанның Батыс аймағында мұнай және газ саласы үшін жоғары білікті мамандарға деген сұраныстың артуымен өмірге келді.
     Институт 2001 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы №643 бұйрығына сәйкес берілген АА №0000065 сериялы мемлекеттік лицензиясы негізінде құрылды.

     Институт 10 мамандық бойынша мамандар дайындайды, олар қазіргі уақытта өндіріс салалары мен аймақ шаруашылықтары үшін қажет:
          5В070200 – Автоматтандыру және басқару;
          5В070800 – Мұнай-газ ісі;
          5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
          5В072900 – Құрылыс;
          5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау;
          5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі;
          5В030400 – Кеден ісі;
          5В060200 – Информатика;
          5В050600 – Экономика;
          5В050900 – Қаржы.

     Институтта 3 оқу корпусы, кітапхана, оқу залдары, арнайы зертханалар, компьютерлік сыныптар, лингафондық кабинеттер, интернет-кабинеттер, спорт залы, медициналық кабинет және басқа да оқуға қажетті құралдар бар.
     Институттың құрылуы, қалыптасуы және дамуының бастапқы кезеңі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ихсанов Ерсайын Валитханұлының есімімен байланысты. Оның басшылығымен институт ұжымы қала мен облыс өмірінде лайықты орынға ие болды.
     Институт өз қызметін жүргізу барысында 5000-нан астам кәсіби мамандарды даярлап шығарды. Оның қалыптасуы кезеңінде материалдық-техникалық база нығайып, білікті мамандармен толықтырылды. Жыл санап институт өңірдің беделді жоғары оқу орнына айналды.
     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2005 жылы өткізген біліктілік талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік аттестаттаудың оң нәтижелері институттағы білім беру қызметінің одан әрі қарай стратегиясы мен тактикасын анықтау үшін маңызды негіз болды.
     Бүгінде АИГИ жоғары білікті кадрларды даярлау бойынша маңызды ғылыми және оқу орталығы болып саналады. Оның айтарлықтай материалдық-техникалық базасы және профессор-оқытушылар құрамы ретінде ғылыми-педагогикалық әлеуеті бар.
АИГИ республиканың батыс өңірі халқының өміріне бейімделіп, өз үйлесімін тапқан. Институттың даму тарихында Батыс Қазақстанның қалыптасу тарихы көрініс табады.
     АИГИ-де ф-м.ғ.д., профессор Е. В. Ихсанов, ф-м.ғ.д.,профессор Е. А. Гребениковтың ғылыми мектептері құрылды.
     Оқу үрдісі күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
     Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының көптеген түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде ғана емес, жақын және алыс шетелдерде де жұмыс істейді. Олардың көпшілігі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық кәсіпорындар мен ұйымдардың, компаниялардың басшыларына айналды.
     Тұтынушылар арасында тек қазақстандық компаниялар, мекемелер ғана емес, сонымен қатар Қазақстан аумағында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар (Adip KCO, Tengizchvrol және т.б.) ерекше орын алады.
     Қазіргі уақытта АИГИ-бұл оқытудың заманауи технологиялары, интернетке шығу мүмкіндігі бар жаңа компьютерлік сыныптар, лингафондық кабинеттер, дәріс аудиториялары, зертханалар.
     АИГИ бұл - қоғам мойындаған жоғары білікті профессор-оқытушылар және шығармашылық талпыныстары бар студенттік ұжым, ортақ идеялар мен рухпен біріктірілген, өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізген бірлестік;
          - бұл - ғылыми кітапхана;
          - бұл - 3 оқу корпусы, спорт залы.
          - бұл - жастар ісі жөніндегі белсенді жұмыс істейтін Комитет, бұл- қызығушылық бойынша студенттік клубтар: дебаттық, КВН, би және халықтық аспаптық ансамбль және т. б.

          Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының мақсаты экономиканың әр түрлі салаларында, инженерлік және педагогикалық білім беруде, қазіргі заманғы үздіксіз дамып келе жатқан оқыту жүйесі негізінде жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
          Институтта құрылған жүйе төрт негізгі бағыттарда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу және қолдау мақсатында адамдарды, үрдістер мен өндірістік құрылымды біріктіреді: ұйымдастыру-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік. Мұндай ұйымдық база институттың көп қырлы қызметін жоспарлы дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.