Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Экономикалық пәндер» кафедрасы 0702-Экономика (сала бойынша), 0706 –Қаржы және несие, 0708-Экономика және басқару мамандығы бойынша мамандар даярлау мақсатында 2001 жылдың шілде айының 27 жұлдызында ректордың №1/1-08(а) бұйрығымен құрылды.
2003 жылдың тамыз айының 10 жұлдызында ректордың №1/1-75 (а) бұйрығымен 050506-Экономика және 050509-Қаржы мамандығы бойынша бакалавриат дәрежесі енгізілді.
Кафедра 2010 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
2010 жылдың ақпан айының 3 жұлдызында ҚР БжҒ министрлігінің АБ № 0137468 мемлекеттік лицензиясы 5В050900-Қаржы мамандығы бойынша бакалавриат дәрежесі енгізілді.
2010 жылдың ақпан айының 3 жұлдызында ҚР БжҒ министрлігінің АБ № 0137468 мемлекеттік лицензиясы 5В050600-Экономика мамандығы бойынша бакалавриат дәрежесі енгізілді.
Кафедрада ғылыми-педагогикалық қызмет пен халықтық шаруашылық үшін мамандарды дайындау жүзеге асырылады. Кафедра бойынша бакалавриатта төмендегі мамандықтар бойынша мамандарды дайындау жүргізіледі:
1. 5В050600-Экономика
2. 5В050900-Қаржы
3. 5В 030400- Кеден ісі
