АИГИ: Студенттер мінбері

Бітіруші түлектер үшін қашықтықтан білім беру технологияларын  қолдану несімен  тиімді?

Мен Базарбаев Айболат Автоматтандыру және басқару мамандығының қашықтықтан оқыту бөлімінің  бітіруші студентімін. Сондықтан мен  және менің  курстастарым  үшін бұл қашықтықтан білім  алу  таңсық емес. Қазіргі кезде ғаламда жаңа жобалар іске асырылуда. Сондықтан әр күнге жаңаша көзқараспен қарауға дайын болу керек.

Қашықтықтан білім алу жүйесі ол — оқу үрдісінде заманауи технологияларды пайдалану және Студент пен мұғалімдердің  арасындағы жылдам және тиімді өзара әрекеттесу.Біздің  АИГИ институтымызда қашықтықтан оқыту технологиясы кеңінен дамыған. Қашықтықтан оқыту технологиясы Platonus- автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы өтіледі.

Platonus — жүйесіне өзіміздің жеке логин пароль арқылы осы жүйеге кіріп,оқу процесіне қатысты барлық ақпаратты алдық және оқу материалдары электронды түрде жүктелді, сондықтан студенттер әрдайым білім алу үшін қажетті барлық нәрсеге ие болды. Сонымен қатар, кез келген уақытта тапсырманы алып, тиісті уақыт ішінде жауап береміз.

Сыртта жүрсек ұялы байланыс арқылы тікелей толық мүмкіндік алдық. Бізге ыңғайлы кез-келген жерде оқудың негізгі түрін тоқтатпай-ақ оқу мүмкіндігі болды. Институт оқытушыларының да тапсырманы түсінікті етіп беруі, жеткілікті деңгейде тақырыптарды онлайн-видео роликтермен түсіндіргендігіне ризамын. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және практикалық  мәліметтеріне еркін қол жеткізе  алдым.

Ал қазір бітіруші түлектер үшін қорытынды аттестация  біздің институмызда ZOOM платформасында онлайн конференция арқылы болып өтті. Және осы бағдарлама қашықтықтан оқыту технологиясының ерекшелігі деп білемін. Zoom артықшылығы – тұрақты байланысты қамтамасыз етеді, жылдам жұмыс істейді, компьютер мен смартфонның жедел жадына күш салмайды, конференция қатысушылары өз экранын трансляциялап, демонстрация жасау үшін арнайы тақтаны пайдалана алады.

Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен студенттеріміз  әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.

                             Айболат БАЗАРБАЕВ,

                           Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Автоматтандыру және басқару мамандығының қашықтықтан оқыту бөлімінің  бітіруші студенті.

 

 

 

Добавить комментарий