АИГИ:  ЖАҢА ТАЛАПҚА САЙ –ЖАҢА  КАФЕДРАЛАР

Отандық жоғары оқу орындарын əлемдік  деңгейге шығару  Президент  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың   биылғы  Жолдауы  мен  «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасында»  анық көрсетілген. Сол себепті бəсекеге қабілетті маман даярлау  Атырау  инженерлік-гуманитарлық институты  профессор-оқытушылар құрамының басты  мақсаты мен міндетіне айналып отыр. Бүгінгі таңда  АИГИ-де  əлемдік алдыңғы  қатарлы жоғары оқу  орындары  қатарынан   лайықты  орынға ие болу мақсатында  көптеген жұмыстар мен іс-шаралар  атқарылып жатыр.

Жоғары кәсіби білім  беріп, бəсекеге қабілетті маман даярлау сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білген   педагогтердің ғана жұмысы жемісті болмақ.  Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп өткізіп, студенттердің  жүрегіне  жол таба  білуі. Ал институтта осы  жұмыстарды  бірден-бір  басты  үйлестірушілер – кафедралар екені белгілі.Сондықтан да  олардың  жұмыстары жоғары талаптарға сай болу керек. Сондықтан жаңа талаптарға орай  Атырау  инженерлік-гуманитарлық институтында кафедралар жұмыстары,олардың міндеттері мен функциялары қайта қаралып, жетілдірілді.

Бұрын «Инженерлік-техникалық пәндер»  кафедрасы енді  «Инженерлік,өңдеу және құрылыс салалары»  кафедрасы, ал «Информатика,автоматтандыру және  басқару»  кафедрасы  енді «Ақпараттандыру-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы болды. «Шетел тілдері»кафедрасы  енді  «Тіл  және әдебиет пәндері  бойынша оқытушылар дайындау»кафедрасы,  «Экономика және кеден істері» кафедрасы  енді  «Бизнесті  басқару  және құқық»  кафедрасы болып  жұмыс  ауқымы да  мақсат-міндеттері  де ұлғайды. «Әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер»  кафедрасы енді «Жалпы  білім беру  пәндері» кафедрасы  болып,оқытатын пәндерінің ауқымы   ұлғайды.

Институт заман талабына, өмір ағымына қарай өскелең талаптан қалмай қазіргі қажетті мамандықтар бойынша кадрлар дайындап келеді. Институтымыз бүгінгі таңда 20 білім бағдарламасы бойынша білім береді. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты қызметінің маңызды сипаттамасының бірі – еңбек нарығындағы  сұраныс және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша  оң көрсеткіштері болып табылады.

Институт Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырыс бойынша «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (МДМ) мамандары жүргізген және электрондық еңбек биржасының сайтында жарияланған еліміздің ЖОО рейтингісінде 20 үздік жоғары оқу орындары қатарына кіріп, Республика жоғары оқу орындарының 20 көшбасшысы тізімінде Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 16-орында келеді.

 

                                                                       АИГИ Баспасөз қызметі.