Қашықтықтан оқыту: ҒЫЛЫМ КҮНІ АПТАЛЫҒЫ Инженерлік-техникалық пәндер: онлайн форматында окыту ерекшеліктері

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты үстіміздегі жылғы сауір айынын 13-18 аралығында бір апта бойы Қазақстан Республикасындағы Ғылым күніне арналған Апталық шаралар кешенін откізді. 18 сәуірде апталық шаралардың сонгы күні онлайн форматындағы ғылыми-практикалық конференцияны институттың инженерлік- техникалық пандер кафедрасы ZOOM платформасында өткізіп, болашак инженерлік мамандыктарға мұнай өндірісі мен геологиялық пәндерді қашықтықтан оқытудың өзекті проблемаларын ортага салып, талкылады.

нлайн-конференцияға қашықтықтан профессор-оқытушылар, студенттер, оқытушы-магистрлер, жас ғалымдар қатысып байланыста отырды.
Кафедра меңгерушісі, геология – минерология ғылымдарының докторы,профессор Нәсіпқали Сейітов «Мұнай-газ өнеркәсібін дамытуда геологиялық зерттеулердің ролі» тақырыбында баяндама жасап,саланың жетістіктері мен проблемалық мәселелерін,келешекте геологиялық зерттеулер қалай болғаны жөн деген жайларды ортаға салды.
Институттың лобараториялық орталығы директоры,техника ғылымдарының кандидаты Мұрат Ликаров « Мұнай-газ саласында бақылау-өлшеу аспаптарын аттестациялау- сапалы өнім өндірудің негізі» тақырыбында баяндап, өзінің өмірлік өндірістік тәжірибелері негізінде нақты мысалдармен жеткізді.
Кафедра аға оқытушысы, магистр Эльмира Қуанбаева баяндамасын институт оқытушыларының Ғылым апталығындағы жақсы жаңалығымен бастады. 2019-2020 оқу жылында институттың инженерлік-техникалық пәндер кафедрасының оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша 3 ғылыми-әдістемелік оқулық кітабын шығарыпты. Қазіргі күндері де кафедра оқытушылары бірнеше бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда.
Зерттеуші-магистр Эльмира Амантұрлы қызы «Мұнай құрамын парафиннен тазарту әдістері және парафиннің халық шаруашылығы мен тұрмыста тиімділігі» туралы слайдтар негізінде нақты мысалдармен жан-жақты айтып берді.
Онлайн-конференция соңында пікір-тілектер,ұсыныстар да айтылды. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ғылым және халықаралық байланыстар бойынша проректоры Ақылбек Ахметов онлайн форматындағы ғылыми-практикалық конференцияларда өзекті мәселелер талданып жатқанын, осы айтылғандарды студенттерге жеткізу,оларды да кенінен ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту,ғылымға машықтандыру керектігін айтты.
Айта кетейік, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында бір апта бойы Ғылым апталығы барысында қашықтықтан білім беру форматындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру,профессор-оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенділіктерін арттыру,жас ғалымдарды қолдау,зерттелуге тиісті жаңа мәселелерді анықтау және басқа да өзекті жайлар ортаға салынды,ұсыныстар мен пікір-тілектер айтылды. Ғылыми-практикалық конференция материалдары бойынша институт арнайы жинақ кітап шығаратын болады.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының
Баспасөз қызметі.

Leave a Reply