“АТАМЕКЕН” МЕН ҚР БҒМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ РЕЙТИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

Оның нәтижесі бойынша Атырау инженерлік-гуманитарлық институты отандық жоғары оқу орындарының алдыңғы қатарында.

 

Бүгінгі таңда түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесінің аса маңызды екендігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі  Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендігі белгілі.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілген, олардың ішінде: жұмыспен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа айлық еңбекақысы, оқу аяқтаған соң жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ, бағдарламалардың өзектілігін бағалау бар.

Осы рейтинг қорытындысы бойынша Республикадағы барлық жоғары оқу орындарының ішінде  Атырау инженерлік-гуманитарлық институты алдыңғы қатарда.

Атап айтсақ, рейтинг қорытындысы бойынша Атырау инженерлік-гуманитарлық  институтының көрсеткіштері төмендегідей :

  • «Радиотехника,электроника және телекоммуникация»  мамандығы –  рейтингке қатысқан 23 оқу орнының  ішінде 3.53 баллмен  4-орын;
  • «Информатика» мамандығы – рейтингке қатысқан 30  ЖОО  орны ішінде 3.77 баллмен 4-орын;
  • «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша рейтингке қатысқан 28 ЖОО-ның ішінде   3.39 баллмен 8-орын;
  • «Мұнай-газ ісі мамандығы  бойынша рейтингке қатысқан 19 ЖООның  ішінде 3.17 баллмен 5-орын;
  • «Құрылыс» мамандығы  бойынша  рейтингке қатысқан 34 ЖОО-ның  арасында 3.16  баллмен 6-орын;
  • Стандарттау және сертификаттау»  мамандығы – рейтингке қатысқан 28 ЖОО-ның арасында 2.680  жалпы баллмен 17 орын;
  • «Қаржы» мамандығы – рейтингке қатысқан 77 ЖОО-ның ішінде  3.258 баллмен 15- орын;
  • «Экономика»  мамандығы – рейтингке қатысқан 73 ЖОО- ның ішінде  3.086 баллмен 23- орын;

Рейтинг   нәтижесі  Атырау  облысында  Атырау инженерлік- гуманитарлық институтының  білім беру деңгейі мен  оның  түлектерінің  біліктілік дәрежесі ,олардың жұмысқа  орналасу  жағдайы әлдеқайда жақсы екенін  көрсетіп  тұр. 

Еліміз Тәуелсіздігінің 28 жылдығы  алдындағы  осынау  қуанышты хабар құтты болсын! Барша профессор- оқытушылар құрамын, түлектеріміз бен студенттерімізді  шын жүректен  АИГИ  ректораты  атынан  құттықтаймыз!

АИГИ  Баспасөз қызметі.