ПІКІР-САЙЫСКЕРЛЕРІМІЗ – «ҮЗДІК ДЕЛЕГАЦИЯ» 

ПІКІР-САЙЫСКЕРЛЕРІМІЗ – «ҮЗДІК ДЕЛЕГАЦИЯ»  

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған V1 республикалық пікір-сайыс турнирі Орал қаласында өтті. Осы турнирде республиканың барлық қалаларынан, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 60 пікір-сайысшылар командасы өзара сайысқа түсті.

Осылардың ішінен 16 команда,яғни 32 студент іріктеліп,үздіктер қатарына шықты. Еліміздің әрқиырынан келген небір аузын айға білеген сөзшең, сөз тапқырлардың қатарында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Гладиатор» пікір-сайысшылар клубының мүшелері үш командаға біріккен  6 студентіміз де 1/8 жартылай финалға өтті. Олар – Азамат Мизамов,Мадина Аймақова,Қамбар Ахметов,Жанаргүл Бақтыгерей және Болған Айтмұханова,Күнсұлу Базарбай.

Студенттеріміз Тұңғыш президент және оның тәуелсіз Қазақ елін тұғырлы ел қатарына қосудағы еңбегі,парасаттылықты қалыптастыру – сыбайлас жемқорлықты жоюдың басты механизмі, «Жастар жылы» қортындылары мен алдағы «Еріктілер жылы» не күтеміз?,тағы басқа да маңызды тақырыптарда өзара пікір жарыстырып, АИГИ институты абыройын асқақтатты.

Әсіресе, «Цикада» атты команда атауымен сөз сайысқа қатысқан – АИГИ-дің 4 курс студенттері Азамат Мизамов пен Президенттік сыйлықтың иегері Мәдина Аймақова 60 команданың ішінен сурылып үздіктер қатарына өтіп,жартылай финалға қатысу оңай болмағанын айтады. Бірақ олар намысты қолдан бермей «Үздік делегация-Атырау!» атағын иеленіп,Алғыс хатпен марапатталып қайтты.

Дебатшыл студенттерімізді АИГИ ректораты атынан  және барша студенттеріміз атынан құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетіп АИГИ имиджін асыра беріңіздер дейміз!