«Астана «ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» АҚ ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп ғалымдар арасында «Болашақ энергиясы» тележобасына байқау жариялады. Байқаудың бас жүлдесі – ең үздік деген қазақстандық өнертапқыштың жобасын «ЭКСПО-2017» ұлттық павильонында орналастыру.