Құттықтаймыз! АИГИ РЕКТОРЫ, ПРОФЕССОР Е.У. ИХСАНОВ – ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КОРРЕСПОНДЕНТ-МҮШЕСІ

ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жарғысы мен Төралқа шешіміне сәйкес, 2020 жылғы. 26 маусымда ҚР ҰҒА Жалпы жиналыс сессиясында 2017 жылдан бері босаған орындарға (вакансия) ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелері мен толық мүшелерінің (академик) кезекті сайлауы өтті. Жарияланған 25 бос орынға 24 корреспондент-мүше жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Конкурс жоғары болды – 1 орынға 4-5 үміткер сайлауға түсті. Сайлау қорытындысы бойынша ҚР ҰҒА құрамы еліміздің жетекші ғалымдарымен толықты,-деп хабарлады www.nauka-nanrk.kz cайты.

Атырау облысынан еліміздің маңдай алды ғалымдары түскен додалы байқау- сайыста АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ РЕКТОРЫ, ПРОФЕССОР, белгілі физик,математик ғалым Ерсайын Уалитханұлы ИХСАНОВ физика,математика-механика және информатика саласы бойынша жеңіске жетіп,ҚР ҰҒА корреспондент – мүшесі болып сайланды.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен ұжымы институт ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы,профессор Ерсайын Уалитханұлы Ихсановты Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайлануымен құттықтайды. Ғылыми-шығармашылық жұмыстарына толағай табыстар тілейді!

АИГИ  Баспасөз қызметі