Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Академиялық ұтқырлық» орталығы еліміздің ішкі және сыртқы жоғары оқу орындарымен «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша жемісті жұмыс жүргізуде. Арнайы келесім-шартпен меморандумдардың екі жақты ынтымақтастығы аясында студенттер мен профессор-оқытушылар алмасып білім алуы мен беруі және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне жағдайлар жасалып келеді.
Месяц: Январь 2020
ЕҢБЕКТЕ ҮЗДІКТЕРГЕ — МАРАПАТТАР
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ғылыми-кеңесі мәжілісінің шешіміне сәйкес ректор,профессор Е.У.Ихсановтың бұйрығымен 2019 жыл қорытындысы бойынша студенттерге білім мен тәрбие беру, ғылыми-зерттеу істеріндегі үздік жетістіктері үшін институтымыздың бірқатар профессор-оқытушылары мен қызметкерлері марапатталып, сертификаттар алды.
«ТАЗА СЕССИЯ-САПАЛЫ БІЛІМ» ДЕВИЗІМЕН
ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ мен СЕНАТЫ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
2020 жылғы 5 қаңтар күні Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов,Бейбіт Мамыраев, Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атырау қаласында Х.Досмұхамбетов атындағы университеттің үлкен акт залында сайлаушылармен,атап айтқанда Атырау мемлекеттік университеті мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті.
ПІКІР-САЙЫСКЕРЛЕРІМІЗ — «ҮЗДІК ДЕЛЕГАЦИЯ»
«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ
«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ»
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының кітапханасы мен Атырау қалалық №1 орталықтандырылған кітапханасы Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары бойынша іс-шараларды және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа адғашқы Жолдауын насихаттауды 2019-2020 оқу жылдары бірлесіп жүргізуге келісім-шартқа отырды.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің — 28 жылдығына» арналған онкүндік іс-шаралар
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің мұраты!» девизімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған онкүндік аясында 13 желтоқсан 2019 жылы өткен мазмұнды шаралардың бірі — Желтоқсан көтерілісінің 33 жылдығына арналған «Желтоқсан алауынан тәуелсіздік туы желбіреді» тақырыбындағы тағзым — сағаты болды.