«Қазақстан Тәуелсіздігінің — 28 жылдығына» арналған онкүндік іс-шаралар

«ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ…»

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің мұраты!» девизімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған онкүндік аясында 13 желтоқсан 2019 жылы өткен мазмұнды шаралардың бірі — Желтоқсан көтерілісінің 33 жылдығына арналған «Желтоқсан алауынан тәуелсіздік туы желбіреді» тақырыбындағы тағзым — сағаты болды.

Көп адам қатысқан іс-шараны институттың «Шетел  тілдері кафедрасы» басшылығымен аға оқытушы Сұлтанова Ғайни Төкенқызы мен этнопедагогика ғылымдарының кандидаты, доцент   Өтешева Баян Қапсалыққызы ұйымдастырды.

АИГИ-дегі тағзым-сағаты кешіне Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Абдрахманова Жұмазия Мәжитқызы, университеттің қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Нұрасила Амангелдіқызы мен Атырау мемлекеттік университеті ғылыми орталығы жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет қатысып, естеліктерін айтты,қызықты деректерді ортаға салды, сұрақтарға жауаптарын берді.

1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының азаттық үшін арпалысының жарқын көрінісі, халқымыздың басынан өткен соқтықпалы соқпақтың ең соңғы және ірі адымы болды. Биыл Желтоқсан оқиғасына 33 жыл толады. Бұл естен кетпес тарихи сәттер, біз осылай естеліктер айтып отырамыз деп ойлаған жоқпыз, – деді Жұмазия Мәжитқызы.

Жалпы, КСРО-ның іргесін сетінеткен Желтоқсан оқиғасы болды. Өзегіне құрт түскен алып империя ақыры құлады. Алматыдағы қанды оқиғадан бес жыл өткенде Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Содан бері еліміз еңсесін тіктеп, шаңырағын биік көтерді. Орталық Азиядағы көшбасшы елдердің біріне айналды.

1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Желтоқсан оқиғасына қатысып, қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған азаматтар ақталды. Сонымен қатар аталған Жарлықтың негізінде 17-ші желтоқсан — Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды. Біз сол кездегі  КазГУ,яғни Қазақ мемлекеттік университетінің студенттері Желтоқсан оқиғасына қатыса отырып Қазақ елі тарихын жасауға,Тәуелсіздікті бір қадам болса да жақындатуға үлес қосқанымызды мақтан етеміз, – деді Нұрсила Амангелдіқызы.

Ал тарих ғылымдары докторы Аққали Ахмет Тәуелсіздік орнауымен бірге Қазақстан тарихын жаңа қырынан оқытылып жатқанын,елде жаңа демократиялық жаңару жүргізіліп,елімізді әлем мойындайтындай дәрежеге жеткенін нақты дәлелдермен айтты.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты проекторы, педагогика ғылымдарының докторы,профессор Жамиля Садыққызы Хасанова осындай мазмұнды шара өткізуге келіп,әсерлі әңгімелерін айтқан қонақтарға ризашылығын білдірді.

«Желтоқсан оқиғасына қатысып, аман қалу ержүректілік, батырлықпен пара-пар. Сіздер,сол кездегі жастар батылдық көрсетіп Тәуелсіздікке, бүгінгідей бақытты күндерге жетуге үлес қостыңыздар. Аман болыңдар,еліміздің Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!, – деді Жамиля Садыққызы.

Кеш соңында Желтоқсан оқиғасы құрбандары еске алынып, құран бағышталды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің – 28  жылдығына» арналған онкүндік іс-шаралар