Әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша проректор

Омаров Батыр Даниялұлы

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор.

1953 жылы 15 маусымда Ресей Федерациясының Астрахань облысы, Харабали ауылында дүниеге келген.1968 жылы Харабалин ауданы, Ахтубинка ауылындағы сегіз жылдық мектепті бітірген .1970 жылы Харабалин ауданы, Хошейтово ауылындағы орта мектепті сәтті бітірген.

1970-1971 жылдары «Коммунизм таңы» кеңшарында жұмысшы болып жұмыс істеді. 1971-1973 жылдары Кеңес Армиясы қарулы күштерінің қатарында қызмет етті.

1973-1979 жылдары Қазақстандағы Орал қаласындағы ауылшаруашылық институтында оқыды. 1979 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша бітірді.

1979 жылдан 1994 жылға дейін Гурьев ауылшаруашылық колледжінде оқытушы болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 2007 жылға дейін Атырау мұнай және газ институтында әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша проректоры болды.

2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында әкімшілік – шаруашылық мәселелер жөніндегі проректор. Оқытушы,кафедра бастығы, бас инженерден бастап АИГИ проректорлығына дейін қызметтерін атқарып келеді.

2005 жылы «Батыс Қазақстанның мұнай фракциялары майларының қасиеттерін зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Батыс Қазақстандағы мұнай фракцияларының химиялық және компоненттік құрамын оңтайландырумен және тұтқырлық-температуралық және антифрикциялық қасиеттері жақсарған мотор майларын пайдалану кезінде механикалық ысыраптарды азайту жолдарын зерттеумен айналысты.

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, «Білім беру көшбасшысы» медалімен, Каспий аймағының университеттері Қауымдастығының « Каспииде Бейбітшілік үшін» медалімен марапатталған.. 40-тан астам ғылыми мақалаларын халықаралық және республикалық ғылыми журналдарда жариялады. Университет пен институт студенттеріне арналған методикалық оқу құралдары мен электронды оқулықтар жасады.