Ғылым, халықаралық қатынастар және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Ахметов Ақылбек Қабиұлы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

Ғылым, халықаралық қатынастар және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор,

ҚҰЖҒА  академигі, Нью-Йорк Ғылым академиясының мүшесі, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі

Білімі

1971 жыл  – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті

1978 жыл – КСРО ҒА П.Н.Лебедев атындағы Физикалық институты аспирантурасының күндізгі бөлімі

Қызметі

1972-1993 жж – ассистент, аға оқытушы, декан орынбасары, Гурьев педагогикалық институтының теориялық физика кафедрасының меңгерушісі

1993-1996 жж –  Атырау университеті Ақтау филиалының директоры

1996-2005 жж – Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік универститетінің бірінші проректоры, оқу ісі жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі

2007 жыл – Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік универститетінің физика және информатика кафедрасының меңгерушісі

2010 жыл – Педагогикалық технология институтының директоры

2019 жыл – Ғылым, халықаралық қатынастар және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор

Лауазымдық міндеттері

Университеттің ғылыми-өндірістік қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау;

Құрылымдық бөлімшелердің, орталықтардың қызметін басқару және үйлестіру;

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау;

Институттың жас ғалымдар кеңесіне жетекшілік ету;

Ғылыми семинарлар, конференциялар, конкурстар және т.б. ұйымдастыру

Институттың халықаралық қызметін басқару;

Институт қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарын қаржыландыру көздерін іздеу және тарту;

Қызметкерлердің облыстық және республикалық маңызы бар байқауларға сараптамасын және құжаттарын дайындауды ұйымдастыру;

Қызметкерлердің әртүрлі ғылыми іс-шараларға қатысуын бақылау;

Институттың ғылыми-өндірістік қызметін дамыту стратегиясын іске асырады, институт масштабында ғылыми, ғылыми-өндірістік жұмыстарға жалпы басшылық пен бақылауды қамтамасыз етеді;

Институттың ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық және ұзақ мерзімді тақырыптық жоспарларын қалыптастыру, институттың ғылыми кеңесінің отырысында бекіту;

Ғылыми семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық пікірталастар  және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

Жас ғалымдар кеңесі мен студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне басшылық ету;

Гранттар конкурсына жіберілген ғылыми бағдарламаларды (жобаларды) іріктеуді және келісуді жүзеге асыру;

Институттың профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми біліктілігін арттыру жоспарларын жасауды және іске асыруды қамтамасыз ету;

Республиканың жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдің университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарымен шығармашылық ынтымақтастық туралы шарттар жасау. Осы келісімдер аясында тәжірибе жасау:

–  ғылыми семинарларға, конференцияларға қатысуға республиканың және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мамандарын шақыру;

– ғылыми-зерттеу бағдарламаларын (жобаларын), жарияланымдарды, монографияларды және т.б. бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

Жыл сайын ғылыми және өндірістік қызметтің нәтижелері туралы жылдық есеп беру  және оны институттың ғылыми кеңесінің отырысына ұсыну;

Тәрбие жұмыстарын, институттың ғылым саласындағы жетістіктерін насихаттауды және БАҚ арқылы ғылыми кадрларды даярлауды басқарады.

Жетістіктері

Ахметова А.К.  3 педагогика ғылымдарының кандидатын, доцент ғылыми атағын алуға екі кандидат дайындады.

Ахметов А.К. – 13.00.01 – «Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға арналған OD 14.64.02 Бірлескен Диссертациялық Кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының Ақтау филиалының басшысы, Каспий технология және инжиниринг университетінің «Хабаршысы», Алматы Қайнар университетінің «Хабаршы» журналдарының редакция алқасының мүшесі, Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Ғылыми Кеңесінің мүшесі.

Ахметов А.К. – «Болашақ мұғалімдердің кәсіптік-экономикалық бағдары» (1996 ж.), «Болашақ мұғалімдердің кәсіптік-экономикалық бағдарларын модельдеу» монографиясының, 80-нен астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың авторы.
2007 жылдың қазан айында «Ел ағалары» бағдарламасына арналған  «Хабар» республикалық теледидарымен профессор А.К. Ахметовтің ғылыми-педагогикалық қызметі туралы фильм түсірілді.

9 оқулық, 2 оқу-әдістемелік құрал, 3 монография, 100-ден астам ғылыми, әдістемелік және публицистикалық мақалалардың авторы. Жапония, Италия, Франция, Англия, Германиядағы тағылымдамаларынан өткен.

Марапаттары

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», ҚР ҰЖҒА-ның «Әл-Фараби» алтын медалімен, Еуропалық жаратылыстану академиясының «Виркхоф» медалімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр-Отан» Республикалық саяси кеңесінің Халықтық Демократиялық партиясының,  Маңғыстау облысының әкімінің «Құрмет грамоталарымен»,  2008 ж. «Маңғыстау облысына 35 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған (2009). 2009 жылы Ахметов Ақылбек Қабиұлы «Ғылым және білім» номинациясында «Жыл адамы» атанды.