Ректор

Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы
АИГИ Ректоры,профессор

Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының Академигі,

Қазақстандық Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі

Білімі1971 ж. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты, математика факультеті;
1976-1979 жж. Абай атындағы ҚазПИ аспирантурасы
Кәсіби қызметі1971-1976 жж. Гурьев педагогикалық институтының элементтік математика кафедрасының оқытушысы.
1976-1979 жж .Абай атындағы ҚазПИ аспиранты
1979-1991 жж. Гурьев педагогикалық институтының математикалық талдау кафедрасының аға оқытушысы, кафедра доценті
1991-1997 жж. Атырау Мұнай және газ институтының Жоғары математика кафедрасының меңгерушісі
1997-2001 жж. «УНАТ» институтының Атырау филиалының директоры, ККБ меңгерушісі
2001 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін – Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры
Ғылыми еңбектері3 монография, 80 астам дифференциалдық және интегралдық теңдеулер, теориялық космостық динамика мен аспан механикасы мен космодинамика саласындағы ғылыми мақалалары
Қоғамдық қызметіНұр Отан партиясының мүшесі, ІV-шақырылған қалалық, V,VІ шақырылған Атырау облысы маслихаттарының депутаты
МарапаттарыҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары, 1993 ж., 1998 ж.
ҚР білімінің құрметті қызметкері, 2005 ж.
Ұлыбритания Оксфорд университетінің Сократ атындағы медалі, 2007 ж.
ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін, 2010 ж.
ҚР Сенат Парламентінің Құрмет грамотасы, 2010 ж.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2010 ж.
ҚР Президентінің Алғыс хаты, 2011, 2016г
Лауазымдық міндеттеріИнституттың оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Институт қызметінің ағымдағы және болашақтағы даму бағдарламаларын жоспарлауды ұйымдастырады.
Институтты әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау, жетекші жоғары оқу орындарымен, жақын және алыс шетел ғалымдарымен ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады,
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.
Институттың қаржы ресурстарына иелік етеді, олардың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Заңнамаға сәйкес салық және басқа да міндетті төлемдердің, жарналардың уақытылы аударылуын жүзеге асырады.
Институттың басқару құрылымын, штат кестесін, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.
Еңбек туралы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қолданады және қызметкерлерге жаза қолданады.

Белгіленген тәртіппен ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды, профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізеді.

Қызметкерлердің біліктілігін жүйелі түрде арттыруды қамтамасыз етеді.
Ғылыми Кеңес пен Қамқоршылар Кеңесінің жұмысына басшылық жасайды.
Білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияға сәйкес білім алушылардың контингентінің қалыптасуын ұйымдастыруды, оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды қамтамасыз етуді, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын, институттың шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Еңбекақы төлеу қорының үнемді және ұтымды жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте институттың мүлкі мен қаражатына иелік етеді.
Институттың оқу, ғылыми қызметінің нәтижелері туралы Ғылыми кеңеске жыл сайын есеп береді.
Барлық органдарда институт мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған және институт жарғысында көзделген өзге де қызметті жүзеге асырады.

Жетістіктері

Бүгінгі күні профессор Е. В. Ихсановтың басшылығымен Атырау инженерлік-гуманитарлық институты республиканың батыс өңірі халқының өміріне берік үйлесіп, жоғары білікті кадрларды даярлау жөніндегі аса маңызды ғылыми және оқу орталықтарының бірі болып саналады. Оның профессорлық-оқытушылық құрамы мен айтарлықтай материалдық-техникалық базасы арқылы ғылыми-педагогикалық әлеуеті бар.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты – бұл төрт негізгі бағытта: ұйымдастырушылық, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу және қолдау мақсатында адамдарды, үдерістер мен өндірістік құрылымды білім беру жүйесіне біріктіретін жоғары оқу орны. Мұндай ұйымдық база институттың көп қырлы қызметін жоспарлы дамытуға және жетілдіруге ықпал етеді.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының көпбейінді әлеуеті өңірді дамытудың басым бағыттары бойынша кадрлар қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді, оның ішінде техникалық, педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, табиғи дайындық бағыттары бар.

Еңбек нарығымен өзара іс-қимыл және білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының қажеттіліктеріне икемді болуы бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл сайын білім алушылар контингентінің өсуі байқалады, ол 2092 адамды құрайды.

Институтта 9 бағыт бойынша 15 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады: педагогикалық ғылымдар, бизнес, басқару және құқық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Батыс өңірінің еңбек нарығында кеңінен сұранысқа ие инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары.

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Атамекен» ҚР НҚА рейтингісінде институт бойынша түлектердің жұмысқа орналастыру 82% құрайды

Институтта МТБ жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде:

  • 2013 жылы 210 студент тұруға есептелген ауданы 1508 ш. м. болатын жатақхана пайдалануға берілді;
  • 2015 жылы Атырау қаласы, Худин көшесі, 5а мекенжайы бойынша __ орынға арналған оқу корпусы пайдалануға берілді;
  • 2017 жылы Атырау қаласы, Худин көшесі, 6 мекенжайы бойынша _ орынға арналған оқу корпусы пайдалануға берілді.
  • 2015 жылы оқу зертханалары сатып алынды: «Автоматика және есептеу техникасы негіздері», «Штангалық сорғы қондырғысының моделі», «Радиотехникалық тізбектер мен сигналдар», «Жылу алмастырғыштардың түрлі құрылымдарын сынау», «Сорғылардың әртүрлі типтерінің сипаттамаларын анықтау»;
  • 2015 жылы жазғы сауықтыру лагері үшін жер учаскесі сатып алынды;
  • 2015 жылы 5 мультимедиялық қондырғылармен жабдықталған кабинеттер ашылды;
  • әр білім беру бағдарламасы бойынша жабдықтар, аспаптар, оқу зертханалық стендтер, виртуалды зертханалар сатып алынды, робототехника бойынша зертхана құрылды;
  • Институттың ПОҚ оқу-әдістемелік әдебиет, силабусстер, электронды тасығыштардағы оқу-әдістемелік кешендер, оның ішінде CD дискілерде әзірленген, зертханалық стендтер, кестелер, плакаттар, оқу бейнефильмдер дайындалған.;
  • 2017 жылы Атырау қаласы, Байжігітова көшесі, 64 мекенжайы бойынша № 3 оқу корпусына күрделі жөндеу жүргізілді.;
  • 2017, 2018 жылдары студенттік жатақхананы, спорт кешенін салу және пайдалану үшін жер учаскесі сатып алынды

Кітапхананың негізгі кітап қоры – 160359 дана, оның ішінде оқу және оқу-әдістемелік қоры – 98723 дана (жалпы қордың 61,6%), ғылыми әдебиет-61636 дана (жалпы қордың 38,4%).Оның ішінде мемлекеттік тілде – 114098 дана (жалпы қордың 71,2%), орыс тілінде – 23830 дана (жалпы қордың 14,8%); ағылшын тілінде – 22431 дана (жалпы қордың 14%).

Жоғары оқу орны бойынша ПОҚ дәрежесі – 40,6%

Деңгейлік технология бойынша (А1А2, В1В2, С1С2 1-ден 6-семестрге дейін) қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша жобалар іске асырылуда және одан әрі «Халықаралық стандартталған Тілдік курстар», IELTS, TOEFL ілгері деңгей бағдарламасы бойынша екі семестр іске асырылуда.

«ENGLISH WITH IT» IT технологиясын қолдана отырып ағылшын тілі бойынша жұмыс жүзеге асырылуда, онда ағылшын және видео, ағылшын және әлеуметтік желілер, ағылшын және музыка сияқты оқытудың инновациялық әдістерін қолдану және IT технологиямен ағылшын тілін үйрену бойынша жаңа әдістемелерді қолдану бойынша іс-шаралар қарастырылған. Бұл ағылшын тілін оқу, жазу және тыңдау практикасы, грамматика, лексика, ойындар бойынша кеңестер арқылы жақсарта алады.

British Council «English for Success» жобасы бойынша 22 оқытушы білім алды

Білім алушыларды қолдау қызметі жастар бірлестіктері – жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік өзін-өзі басқару арқылы жүзеге асырылады, оның құрамында мәдени-шығармашылық сектор, КТК командасы, спорт клубы, «Саналы ұрпақ», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» клубы, «RAYofHOPE» волонтерлік орталығы, «Гладиатор» пікірталас клубы, «Дипломат» әдеби-танымдық үйірмесі, «Сырғалым» қыздар клубы, «Жасыл ел» студенттік жасағы, көркемөнерпаздар үйірмесі бар.

Жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенділері түрлі ауқымды іс-шаралар өткізеді: қайырымдылық акциялар, дөңгелек үстелдер, патриоттық форумдар, конференциялар, акциялар, флэш-мобтар, концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар, қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлермен кездесулер. Институт студенттері Қазақстан Студенттер альянсының, Студенттік кәсіподақ комитетінің, «Нұр Отан» партиясы – «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері болып табылады. Дебаттық қозғалыс клубы, Студенттік Парламент, Араторлық шеберлік клубы дамыды.

Институтта Волонтерлік қозғалыстың 3 жасағы құрылды:

  1. Әлеуметтік еріктілер (қарт адамдарға, жалғыз басты адамдарға көмек) 35 студент қамтылды;
  2. Мәдени волонтерлік (ағылшын тілін оқыту, IT-технологиялар, робототехника) 28 студент қамтылды;
  3. Экологиялық еріктілік (қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған қызмет) 232 студент қамтылды.
    Институттың даму болашағы
  4. Жергілікті жерде оқу корпусының құрылысы жүргізілуде, құрылысты аяқтау 2020 жылға белгіленген. Худин көшесі, 5 жабық спорт залы бар.
  5. Институтта студенттер мен оқытушыларға арналған студенттік жатақхананың және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына арналған м2 жер учаскесі бар.