АИГИ РЕКТОРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

2020 жылдың 16 наурызынан бері елдегі Төтенше жағдайға орай Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ( АИГИ ) қашықтан оқыту технологиясымен толық көлемде жұмыс жасап келеді. Биыл институтты 509 студент бітіреді деп күтілуде. Студенттер қазір дипломалды өндіріс-тәжірибелік жұмыстары есептерін онлайн форматында тапсыруда.

Барлық оқу бітірушілердің диплом жұмыстары антиплагиат бағдарламасымен тексерілуде. Студенттер диплом жұмыстарын кафедраларда алдын-ала қорғауы да онлайн форматында өтуде.
Бітіруші студенттерге де барлық тапсырмалар, есептер нәтижесі платонус платформасына салынып,кері байланыс жасалып отыр.
Қашықтан оқу, емтихан тапсыру, жазғы сессия және оқу бітірушілердің қорытынды мемлекеттік аттесатциясы, дипломдық жұмыстарды қорғауы мен таза сессия өткізу және басқа да мазалаған мәселелерге орай Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры, профессор ИХСАНОВ Ерсайын Уалитханұлы дүйсенбі, 27.04.2020 жылы, сағ-15:00 –де студенттермен, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамымен ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ өткізеді.
Кездесу ZOOM платформасында өтеді, Идентификатор номері:
742-5977-7722.
Мемлекеттік емтихан мен ағымдағы емтихандарды қашықтан тапсыру, бітірушілердің қорытынды аттестациясы, қашықтан білім алудың проблемалары, сессия кезіндегі адалдық мәселелері бойынша айтарларыңыз болса Ректормен тіке байланысқа қосылып, хабарласыңыздар.
Институт электронды почтасы: atyrau@aigi.kz . Call –Орталық:
8 701-741-51-58, 8701-596-56-46, 8701-656-09-18.
АИГИ Баспасөз қызметі

Leave a Reply