С девизом «Чистая сессия — качественное образование»

Главная цель Атырауского инженерно — гуманитарного института-подготовка квалифицированных кадров в области экономики и социальной и культурной сферы независимого Казахстана. Read More …

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасымен Жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыс артты

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Академиялық ұтқырлық» орталығы    еліміздің ішкі және сыртқы жоғары оқу орындарымен «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша  жемісті жұмыс жүргізуде. Арнайы келесім-шартпен меморандумдардың екі жақты ынтымақтастығы аясында студенттер мен профессор-оқытушылар алмасып білім алуы мен беруі және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізулеріне жағдайлар жасалып келеді. 

Соның  жарқын мысалы «Академиялық  ұтқырлық бағдарламасы бойынша  АИГИ-дің Автоматтандыру және басқару  мамандығының студенттері Бауыржан Алишер,Бақтығали  Амандық Азербайжан мемлекеттік мұнай және өндіріс университетінде ,ал  Букеш Алмас Башкирияның Уфа мемлекеттік мұнай және техникалық университетінде бір семестр  оқып келді. Олар білім алу мен ғылыми-зерттеу халықаралық байланыстары деңгейінде алған біліми жетістіктері  мен тәжірибелерін институттың студенттерімен кездесуде ортаға салды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Академиялық ұтқырлық» орталығы студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға, сондай-ақ ECTS-тың негізгі көрсеткіштерін институттың оқу үрдісіне 2011  жылдан енгізді. Бұл «Академиялық ұтқырлық» орталығының мақсаты отандық және халықаралық академиялық қоғамдастықпен ынтымақтастық негізінде кәсіби білім беру сапасын арттыру болып табылады.

Бүгінгі күнге Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Академиялық ұтқырлық» орталығының жұмысы  нәтижелі деуге негіз бар. Қазір сыртқы, яғни халықаралық келісім-шарттарының саны 16,-дейді АИГИ-дің «Академиялық  ұтқырлық» орталығының директоры Айгүл Мукашева.-Атап айтқанда олар:

  1. Экономика және қаржы Синьцян университеті (Китай, Урумчи);
  2. Қаржы және басқару Седльц жоғары мектебі   (Польша);
  3. Астрахань әлемдік қаржы және экономика институты (Россия. Астрахан);
  4. Астрахан мемлекеттік  техникалық университеті  (Россия );
  5. Азербайжан мемлекеттік мұнай және өндіріс университеті  (Баку);
  6. И.М. Губкина атындағы мұнай және газ институты (Россия. Москва);
  7. Қырғыз экономикалық университеті  (Бишкек);
  8. Қалмақ мемлекеттік университеті (Россия. Элиста);
  9. Самара мемлекеттік техникалық университеті (Россия );
  10.  Жоғары оқу орталығы (Interkulturelle Weiterbildungsgesellschaft e.V) Германия. Дюссельдорф;
  11. Уфа мемлекеттік мұнай және техникалық универститеті . (Башкирия. Россия);
  12.  И. Я. Яковлев атындағы  Чуваш мемлекеттік педагогикалық  университеті (Россия, Чувашия, Чебоксары);
  13. Азербайжан тілдер университеті;
  14.  Россия туризм және сервис мемлекеттік университеті;
  15. Генрих  Гейне атындағы Дюссельдорф университеті (Германия. Дюссельдольф);
  16. Будапешт  политехникалық университеті (Польша).

Озат оқитын студенттерімізді білім алуға,ал  жас оқытушыларды, магистранттарды тәжірибе алмасуға осы оқу  орындарына жіберіп тұрамыз,олардан бізге келіп оқуларына жол ашық,-дейді Айгүл Жалелқызы.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен ішкі байланыспен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша :

  1. Жангирхан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық-техникалық университеті  (Орал қаласы);
  2. М.Өтемисов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универститеті. 
  3. Х. Досмухамедова Атырау мемлекеттік университеті;
  4.  «Тұран-Астана» Университеті (Астана);
  5. Байшев атындағы Актөбе  университеті ; 
  6. К.Сатпаев атындағы ұлттық-техникалық университеті (Алматы);
  7.  С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ; 
  8. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы ;
  9. Батыс Қазақстан инновация- технологиялық  университеті (Орал);
  10.  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті;
  11. Алматы энергетика және байланыс  университеті (АУЭС);
  12.  М. Козыбаев  атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік  университеті ;
  13.  Ш. Есенов  атындағы Каспий мемлекеттік  технология және инжиниринг университеті ;
  14. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ;
  1. К. Жубанов  атындағы Актөбе аймақтық мемлекеттік  университетімен келісім-шарттар  жасалған. 2018-2019 оқу жылының екінші  жартысында институттың бүгін  кездесу өткізген бірнеше студенті білім алушыларды  алмасу талаптарына сәйкес оқуын сәтті оқып келді. 

Ал.профессор-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлық бағдарламасының орындалуына тоқталатын болсақ, 2019 жылдың 25 наурызынан бастап 5 сәуірге дейін К. Жубанов  атындағы Актөбе аймақтық мемлекеттік  университетінің 5В030400 «Кенден ісі» мамандығының аға оқытушысы, з.ғ.к. Исмайлова Бакытгүл Шаймерденқызы және заң ғылымдарының магистрі Нурутдинова Айнур Жарылғасынқызы  Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Экономика-гуманитарлық факультеті, «Экономика және кеден ісі» кафедрасының 5В030400 «Кенден ісі» мамандығы студенттеріне дәріс оқыды.

АИГИ-дегі «Академиялық ұтқырлық» орталығы қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен   студенттер мен профессор-оқытушылар алмасу жақсы білім мен тәжірибе алуға және оқытудың озық әдістемесі мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашатыны  сөзсіз. Осы бағытта институтта жақсы тәжірибе қалыптасып қалғанын айтады орталық директоры Айгүл Мұқашева.

ЕҢБЕКТЕ ҮЗДІКТЕРГЕ — МАРАПАТТАР

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ғылыми-кеңесі мәжілісінің шешіміне сәйкес   ректор,профессор Е.У.Ихсановтың бұйрығымен 2019 жыл қорытындысы бойынша студенттерге білім мен тәрбие беру, ғылыми-зерттеу істеріндегі үздік жетістіктері үшін институтымыздың бірқатар профессор-оқытушылары мен қызметкерлері марапатталып, сертификаттар алды.

Атап айтқанда Экономика-гуманитарлық факультет деканы ЫҒЫЛОВА АСЕЛЬ ҚҰРМАНҒАЗЫҚЫЗЫ  жоғары кәсіптілік пен сапалы, мінсіз атқарылған жұмыстары және жеткен жетістіктері үшін «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС – 2019» номинациясымен, ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ жоғары ұйымшылдық пен тұрақты жұмысы үшін «ҮЗДІК КАФЕДРА-2019» номинациясымен, ал Шетел тілдері кафедрасы «ҰЙЫМШЫЛ КАФЕДРА — 2019» номинациясымен, талаптылығы, тәртіптілігі және нәтижелі жұмысы үшін ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КЕДЕН ІСІ кафедрасы «ТАЛАПШЫЛ КАФЕДРА — 2019» номинациясымен, Кәсібилігі мен сенімділігі және жұмыстағы жауапкершілігі үшін ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ кафедрасы «ЕҢ ЖАУАПТЫ КАФЕДРА — 2019» номинациясына ие болды.

Оқытушы РАХМЕТОВА ИНДИРА АЛИМБЕКҚЫЗЫ «САМЫЙ КРЕАТИВНЫЙ СОТРУДНИК — 2019»номинациясымен, «Рухани жаңғыру» орталығы директоры,баспасөз хатшысы  БИҒАЛИ ЕРМЕК АҚҚАЛИҰЛЫ жоғары белсенділігі мен іскерлік қабілеті үшін «За творческий подход к делу и за активную маркетинговую работу» номинациясымен, оқытушы,ғылым бөлімі басшысы НҰРПЕЙІС ГҮЛШАТ САКЕНҚЫЗЫ өз мімдеттерін мінсіз атқарғаны үшін «САМЫЙ  ОТВЕТСТВЕННЫЙ СОТРУДНИК — 2019» номинациясымен, қашықтан оқыту бөлімі басшысы КАСАНОВА АКТОТЫ  ГАРИФОЛЛАҚЫЗЫ жоғары тиімді жұмысы мен қайтарымды жетістіктері үшін «ЗА БЕЗУПРЕЧНУЮ РАБОТУ — 2019» атағымен, институттың  бас бухгалтері ЕРГАЛИЕВА ЖАНАТ  МАЛИКҚЫЗЫ  « Сауатты қаржылық қызметі мен жоғары жетістігі үшін» атауымен,  Оқу-методикалық тіркеу бөлімі жетекшісі ИХСАНОВА ЖАНСАЯ САКЕНҚЫЗЫ жоғары ұйымдастырушылық жетістіктері үшін «ВЫСОКИЙ СТАРТ -2019» атауымен, профессор ЛИКАРОВ МУРАТ ЛИКАРҰЛЫ  «ЛУЧШАЯ ТВОРЧЕСКАЯ ЛИЧНОСТЬ» номинациясымен, оқу бөлімі басшысы ЖИЕНКУЛОВА ЛАЗЗАТ ТІЛЕУҚЫЗЫ «ЗА ПРОФЕССИОНАЛИЗМ» номинациясымен, аға оқытушы,магистр ТУГЕЛЬБАЕВА АЛТЫНАЙ ТУЛЕГЕНҚЫЗЫ институт  қабылдау комиссиясы жұмысын жаксы ұйымдастырғаны және жоғары жетістігі үшін «ВКЛАД В РАЗВИТИЕ ИНСТИТУТА» номинациясымен, профессор СЕИТОВ НӘСИПКАЛИ СЕИТҰЛЫ білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін

«ЗА РЕЗУЛЬТАТИВНОСТЬ»  атағымен марпатталғандығы туралы сертификаттарын алды.

Институт ректоры,профессор Е.У. ИХСАНОВ Жаңа 2020 жылда Мемлекет басшысының Жолдауымен ҚР білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын жүзеге асыру міндеттеріне сәйкес сапалы білім мен тәлімді тәрбие беру және жоғары тиімді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа жетістіктерге жету керектігін атап айтып, марапат иелерін құттықтады.        

«ТАЗА СЕССИЯ-САПАЛЫ БІЛІМ» ДЕВИЗІМЕН

Тәуелсіз Қазақ елінің  экономикасы мен әлеуметтік ,мәдениеті салаларына білікті  кадрлар даярлап жіберу- Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының  ең басты  мақсаты. Сондықтан студенттердің лекция сабақтарына  жүйелі  келулері мен есеп-емтихандарға  белсенді қатысулары, АИГИ  ұжымы   мүшелерінің корпоративтік этикасы мен студенттердің Ар-намыс кодекстері  сақталуы  жіті назарда.Осы ретте институттың «Саналы ұрпақ» және «Парасаттылық мектебі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдары  студенттермен бірқатар  іс-шаралар  атқаруда.

2019 жылғы 21 тамызда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінде парти төрағасы Н.Назарбаев   «Сенім. Диалог.Болашаққа нық қадам — «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты  партия жұмысын  жаңғырту бағдарламасын  ұсынып, оқу орындарында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жұмыстарын  жүргізуді тапсырған болатын.  Осыған сәйкес АИГИ  институтында оқу  процесінің барысында және  жатақханамызда сессия аралық бақылау  сынақтары   аралығында «Таза сессия» акциясы өткізіліп  келеді.

Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастырып, оны кең көлемде насихаттау мақсатында ашық сағаттар мен анонимді сауалнамалар жүргізіліп  отыр. 31-93-00, 31-93-04-«Сенім телефондары» жұмыс жасайды.Арнайы стенділер жасалды. Осылайша  АИГИ «Таза сессия — сапалы білім» девизімен жұмыс жасауда .

Біздің  институттың  жатақханаларында тәртіп пен  тазалық  мәселесіне қатаң талап  қойылады. Тәрбиешілер,кураторлар  әрқайсысы өз міндеттерін нәтижелі атқаруда. Бірінші курс студенттерімен жатақханада кешкісін  жиналыстар  өткізіліп, АИГИ  профессор-оқытушыларының және студенттерінің корпоративтік  мәдениеті кодексі таныстырылды.

Бірқатар жатақханамәдениетін сақтамаған, ішкі тәртіпті бұзған жастарға шара қолданылды.

«Таза сессия» акциясы  шеңберінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау  мақсатында «Гладиатор» дебат клубы  тренингтер өткізді. Орал қаласында өткен республикалық дебатшылар клубтарының сайысында да біздің институт  командасы өткен жыл аяғында жақсы нәтижемен  оралды,-дейді АИГИ Жастар мәселелері жөніндегі комитет төрайымы Алтынай Түгелбаева.

ҚР ПАРЛАМЕНТ  МӘЖІЛІСІ мен СЕНАТЫ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2020 жылғы 5 қаңтар  күні Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің  депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов,Бейбіт Мамыраев, Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев  Атырау қаласында Х.Досмұхамбетов атындағы университеттің үлкен акт залында сайлаушылармен,атап айтқанда Атырау мемлекеттік университеті мен Атырау инженерлік-гуманитарлық  институтының профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті.

Кездесуде  депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын іске асырудағы басым бағыттар туралы баяндады. Парламент Мәжілісі  мен Сенатының заңнамалық жұмыстары туралы хабардар етті. Депутаттар әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне, атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың жаңа форматына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге және жаңа  жылдан бастап қолданысқа енгізілген Заңдар мен педагог мәртебесі туралы Заңның басым бағыттарына баса назар аударды.

Жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңда мұғалімдердің құқықтары нақты көрсетілген. Яғни, мемлекет мұғалім мәртебесін көтеруді өз міндетіне алып отыр. Ең бірінші кезекте мұғалімдерді педагогикалық жұмысына жатпайтын жұмысқа тартпау мәселесіне басымдық беріледі. Заңда мұғалімдер мен оқушыларға түсетін жүктемені азайту мәселесі де қарастырылған. Себебі, білім беру ісі ең алдыңғы қатарға шығуы тиіс. Бұған дейін халық санағын жүргізуде де, сайлау кезінде де мұғалімдерді жұмысқа тартқан жағдайдың болғанын жоққа шығара алмаймыз. Бұның бәріне нүкте қойылды. Заң қабылданды. Осы заң мұғалімнің барлық жұмысын құқықтық рельске қойып береді», — деді депутат Б.Мамыраев.

Депутаттарға  сұрақтар қойылып,шешімін  күткен мәселелер айтылды. Мемлекеттік тіл қазақ тіліміздің мәртебесін көтеру, Жайық өзенінің тартылып бара  жатқаны және егістік алқаптарды тиімді пайдалану, суландыру мәселелерін университет профессорлары Қадыр Жүсіп пен Бақтығали Таубаевтар көтерді.

Мемлекеттік  тілдің мәртебесін  көтеру жолында қазір парламентте біраз іс-шаралар белгіленіп  отырылғанын депутат Б.Мамыраев айтса, депутат Б.Ізмұхамбетов  мал жайылымдық алқаптар мен егістік жерлерді тиімді пайдалана  алмай отырғанымыз растығын,бұл бағытта жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Біз Атырау облысына әкім боп келгенде мұнда 8 мың гектардайғана жерге егіс егіледі екен, осы егін егетін алқапты 16 мың гектарға жеткіздік,-деді Бақтықожа Салахаденұлы. Жұмыстанса  әлі де өсіруге болады. Агрокешенді дамытуда да Атырауда жақсы жұмыстар бар. Қазір Атырау қаласындағы құс фабрикасы Қазақстанның батыс облыстарын арзан жұмыртқамен қамтамасыз  етіп отыр. Ал В. Розметов жетекшілік етектін шаруа қожалығы алма мен лимон өсіретін бақтары өнімі Атыраудың даңқын асырды, қазіржылына 40 тонна лимонды сауда орнына жіберіп  отыр.Бұл біз жоспарлағаннан әлдеқайда көп. Біз оған барлық жағдайды жасап берген едік.Істі үйлестіріп әкетті,-деді Б,Ізмұханбетов. 

Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаев Жайық өзенінің проблемалары бойынша біраз жұмыстар жасап жатқанын,алда  да бұл бағытта Ресей Федерациясының Башкирия республикасы, Орынбор облысы аймақтарымен бірлескен жұмыстар  атқарылатынын жеткізді.

Сайлаушылар,  яғни профессор-оқытушылар  мен студенттер аймақтың экологиясының  нашарлығы, азық-түлік қоры молшылығын жасаудағы қиындықтар, шет елдіктер  мен жергілікті кадрлардың еңбек ақыларындағы айырмашылықтар,облыста жер телімдерін бөлудегі  әділетсіздіктер мен берілген жерлерді игерудегі кемшіліктер және басқа да өзекті жағдайларды   депутаттардың назарына салды. Парламент төрінде осындай өзекті мәселелердің шешімін табуына тілектерін айтты.

Сайлаушылардың аймақтың толғандырар  мәселелері бойынша ұсыныс-тілектерін, сұрақтарын парламенттің Мәжілісі  мен Сенаты депутаттары Атыраудағы «Nur-Otan» партиясы кеңсесі арқылы қабылдайтындарын жеткізді.

Атырау амағындағы жұмысы аясында Мәжіліс пен Сенат депутаттары өндірістік және әлеуметтік нысандарға барып, кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесуде.    

Ермек Биғали.

ПІКІР-САЙЫСКЕРЛЕРІМІЗ — «ҮЗДІК ДЕЛЕГАЦИЯ» 

ПІКІР-САЙЫСКЕРЛЕРІМІЗ — «ҮЗДІК ДЕЛЕГАЦИЯ»  

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған V1 республикалық пікір-сайыс турнирі Орал қаласында өтті. Осы турнирде республиканың барлық қалаларынан, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 60 пікір-сайысшылар командасы өзара сайысқа түсті.

Осылардың ішінен 16 команда,яғни 32 студент іріктеліп,үздіктер қатарына шықты. Еліміздің әрқиырынан келген небір аузын айға білеген сөзшең, сөз тапқырлардың қатарында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Гладиатор» пікір-сайысшылар клубының мүшелері үш командаға біріккен  6 студентіміз де 1/8 жартылай финалға өтті. Олар — Азамат Мизамов,Мадина Аймақова,Қамбар Ахметов,Жанаргүл Бақтыгерей және Болған Айтмұханова,Күнсұлу Базарбай.

Студенттеріміз Тұңғыш президент және оның тәуелсіз Қазақ елін тұғырлы ел қатарына қосудағы еңбегі,парасаттылықты қалыптастыру — сыбайлас жемқорлықты жоюдың басты механизмі, «Жастар жылы» қортындылары мен алдағы «Еріктілер жылы» не күтеміз?,тағы басқа да маңызды тақырыптарда өзара пікір жарыстырып, АИГИ институты абыройын асқақтатты.

Әсіресе, «Цикада» атты команда атауымен сөз сайысқа қатысқан — АИГИ-дің 4 курс студенттері Азамат Мизамов пен Президенттік сыйлықтың иегері Мәдина Аймақова 60 команданың ішінен сурылып үздіктер қатарына өтіп,жартылай финалға қатысу оңай болмағанын айтады. Бірақ олар намысты қолдан бермей «Үздік делегация-Атырау!» атағын иеленіп,Алғыс хатпен марапатталып қайтты.

Дебатшыл студенттерімізді АИГИ ректораты атынан  және барша студенттеріміз атынан құттықтаймыз! Жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетіп АИГИ имиджін асыра беріңіздер дейміз!

«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА «ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында, 2019жылдың 25 желтоқсан күні, институттың желілік жоспарына сай, институт кітапханасының оқу залында, №1 қалалық орталықтандырылған кітапханасымен бірлескен «Президент жолдауы–дамудың тірегі» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. 

Институт шарасына Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының проекторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Хасанова Жамиля Садыққызы, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Биғали  Ермек Аққалиұлы, кафедра меңгерушілері, институттың профессор-оқытушы құрамы және студент жастар қатысты.

Шараны институт кітапханасының кітапхана меңгерушісі Нигматуллина Сания Қабдығалиқызы ашып , қалалық кітапханадан келген қатысушыларды  яғни, қалалық кітапхана меңгерушісі Кумарова Замира Бибиевна мен кітапханашы Құспанова Гүлнұр Нұрлыбекқызын таныстырды.

Қалалық кітапхана меңгерушісі Кумарова Замира  Бибиевна Ақпараттық сағатқа қатысушыларға ел тарихына шолу жасай отырып, Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы  және қазіргі Президент Қасым-жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы туралы толығырақ баяндап, слайд арқылы бейне фильм көрсетті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде  Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауын жариялағанын баршамызға белгілі. Бүгінде Қазақстан көк байрағы желбіреген, қазына байлығын пайдалана білетін, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде экономикасы, мәдениеті өркендеген Азиялық айбынды мемлекетке, Елбасының саясаты нәтижесінде сан ұлттың достығы жарасқан елге айналды.

Жолдау — бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін шешу жолдарын нақтылап берді. Азаматтық қоғамды жандандырып, әрбір қазақстандықтың ертеңіне деген сенімін нығайтты. Бұл Жолдауды бағдарламалық құжат деп атауға болады. Өйткені, Жолдау одан әрі әлеуметтік, экономикалық дамудың жолдарын көрсетіп отыр деді.

Жолдауға қолдау білдірген «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының саясаттану-құқық  пәні мұғалімі Болат Дилмуханұлына өз ойын ортаға салды.

Шараны қорытындылай келе, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты проекторы, педагогика ғылымдарының докторы,профессор Жамиля Садыққызы Хасанова, мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бұл Жолдауы ұстаздар қауымы мен білімді студент жастар үшін зор маңызға ие екенін айта  келе білім берудің сапалы жағдайын қамтамасыз ету үшін Президент жолдауындағы міндеттерді жүзеге  асыру жолында жұмыстанып келеміз, ары қарай да жұмыстана береміз деп қатысушыларға үлкен сенім артты.

Осы шараны бірлесіп ұйымдастыруға ұйтқы болған № 1 қалалық орталықтандырылған кітапханасының кітапхана меңгерушісі Замира  Бибиқызына осындай құнды шара өткізуге келіп, маңызды ақпарат берген қонақтарға ризашылығын  білдіріп, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі. Алға қарай да  институт жоспары бойынша бірлескен шараларды бірлескен түрде ұйымдастуға шақырды.

«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ»

АИГИ: «Рухани жаңғыру» жолымен

«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ»

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының кітапханасы мен Атырау қалалық №1 орталықтандырылған кітапханасы Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары бойынша іс-шараларды және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа адғашқы Жолдауын насихаттауды 2019-2020 оқу жылдары бірлесіп жүргізуге келісім-шартқа отырды.  

Осындай игі шаралардың бірі институттың  оқытушы-профессорлары мен студенттері қатысқан «Президент Жолдауы-дамудың тірегі» тақырыбында өткен Ақпараттық сағаты болды. АИГИ кітапханасының меңгерушісі Сәния Ниғматуллина Ақпарат сағатын ашып,бірлескен іс-шаралардың маңызына тоқталды.

Атырау қалалық №4 жылжымалы  кітапхана меңгерушісі Замира Құмарова Қазақ елі тарихына шолу жасай келе Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев  пен ел тәуелсіздігінің 28 жылы туралы қызықты әңгімелер айтып,деректі фильм көрсетті. 

Елбасымыз Н.Назарбаев тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы Жолдауын 1997 жасап,елдің алдағы   2030 жылға дейінгі стратегиялық бағытын белгілеп берген еді. Осы жоспармен жүрген еліміз дамыды, өркендеді.Әлемдегі 50 алдыңғы қатарлы елдер санатына енді. Елбасымыз барлығы 23 рет халыққа Жолдау жолдаған екен. Олардың әрқайсысының арқалаған жүгі ауыр  екені белгілі, — деді Атырау қалалық орталықтандырылған №1 кітапхананың №4 жылжымалы кітапханасы меңгерушісі Замира Бибиқызы Құмарова.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты   халыққа Жолдауына №4 жылжымалы кітапхана жетекшісі Замира Бибиқызы жан-жақты талдау,аудиториямен диалог жасап,нақты мысалдар негізінде  түсіндірді. 

Институттың Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер  кафедрасының оқытушысы,магистр Болат Жұбанов  Қазақстанның бүгінгі таңдағы әлемдегі орны мен  Тұңғыш Президент,Елбасы Н.Назарбаевтың ролі туралы жан-жақты әңгімеледі.

Институттың оқу ісі жөніндегі проректоры,профессор Жамиля Хасанова Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауларының маңызы мен міндеттерін, олардың әрқайсысының көтерер жүгі ауыр екенін айтты. Әсіресе, биылғы Жолдауда Президентіміз Қ.Тоқаев ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын,алда тың міндеттер тұрғанын  жеткізді, — деді Жамиля Садыққызы. 

Жолдауды жүзеге асыруда АИГИ-де айтарлықтай жұмыстар жасалуда. Жолдауды ұжым бұған дейін де бірнеше рет талқылап, профессор-оқытушыларға,студенттерге түсіндірдік. Алдағы 2020 жылы  алдымызда білім сапасын арттыру, білікті мамандар даярлау жолында үлкен міндеттер тұр. 2020 жылды Президент Еріктілер, яғни волентерлер жылы болады деді. Осы орайда біздің институтта көп іс жасалып келеді. Бізде 37 волентер бар. Олар жақсы істерімен көрніп отыр. 

Жұмыс  жасаған волентерлерге  үкімет есебінен ай сайын 25 мың теңге жалақы төленеді,бұл студенттер үшін қосымша жақсы табыс. Олардың жұмысын басқаратын бөліміміз де бар екенін проректор Ж.Хасанова айтып, осындай маңызды іс-шараны мазмұнды өткізгені үшін Атырау қалалық №4 жылжымалы кітапхана ұжымына ризашылығын жеткізді.

Атырау қалалық орталықтандырылған №1 кітапханасына қарасты №4 жылжымалы кітапхана Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев және Тәуелсіздіктің 28 жылдығы туралы, сондай-ақ Президент Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты   халыққа Жолдауына орай материалдар мен кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

Студенттерді Атырау қаласының Авангардтағы 3-ықшам ауданының 47-үйіндегі күрделі жөндеуден өтіп жаңартылған  заман талабына сай орталық кітапханасына шақырды. Мұнда студент жастар үшін барлық жағдай жасалғанын, тегін интернет-вайфай, коворкинг орталығы, демалыс бөлмесі, ойын залы, тағы басқалар барлығын айтты.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің — 28  жылдығына» арналған онкүндік іс-шаралар

«Қазақстан Тәуелсіздігінің — 28 жылдығына» арналған онкүндік іс-шаралар

«ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ЫЗҒАРЛЫ…»

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің мұраты!» девизімен Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған онкүндік аясында 13 желтоқсан 2019 жылы өткен мазмұнды шаралардың бірі — Желтоқсан көтерілісінің 33 жылдығына арналған «Желтоқсан алауынан тәуелсіздік туы желбіреді» тақырыбындағы тағзым — сағаты болды.

Көп адам қатысқан іс-шараны институттың «Шетел  тілдері кафедрасы» басшылығымен аға оқытушы Сұлтанова Ғайни Төкенқызы мен этнопедагогика ғылымдарының кандидаты, доцент   Өтешева Баян Қапсалыққызы ұйымдастырды.

АИГИ-дегі тағзым-сағаты кешіне Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Абдрахманова Жұмазия Мәжитқызы, университеттің қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Нұрасила Амангелдіқызы мен Атырау мемлекеттік университеті ғылыми орталығы жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет қатысып, естеліктерін айтты,қызықты деректерді ортаға салды, сұрақтарға жауаптарын берді.

1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының азаттық үшін арпалысының жарқын көрінісі, халқымыздың басынан өткен соқтықпалы соқпақтың ең соңғы және ірі адымы болды. Биыл Желтоқсан оқиғасына 33 жыл толады. Бұл естен кетпес тарихи сәттер, біз осылай естеліктер айтып отырамыз деп ойлаған жоқпыз, — деді Жұмазия Мәжитқызы.

Жалпы, КСРО-ның іргесін сетінеткен Желтоқсан оқиғасы болды. Өзегіне құрт түскен алып империя ақыры құлады. Алматыдағы қанды оқиғадан бес жыл өткенде Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Содан бері еліміз еңсесін тіктеп, шаңырағын биік көтерді. Орталық Азиядағы көшбасшы елдердің біріне айналды.

1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Жарлығымен Желтоқсан оқиғасына қатысып, қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған азаматтар ақталды. Сонымен қатар аталған Жарлықтың негізінде 17-ші желтоқсан — Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды. Біз сол кездегі  КазГУ,яғни Қазақ мемлекеттік университетінің студенттері Желтоқсан оқиғасына қатыса отырып Қазақ елі тарихын жасауға,Тәуелсіздікті бір қадам болса да жақындатуға үлес қосқанымызды мақтан етеміз, — деді Нұрсила Амангелдіқызы.

Ал тарих ғылымдары докторы Аққали Ахмет Тәуелсіздік орнауымен бірге Қазақстан тарихын жаңа қырынан оқытылып жатқанын,елде жаңа демократиялық жаңару жүргізіліп,елімізді әлем мойындайтындай дәрежеге жеткенін нақты дәлелдермен айтты.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты проекторы, педагогика ғылымдарының докторы,профессор Жамиля Садыққызы Хасанова осындай мазмұнды шара өткізуге келіп,әсерлі әңгімелерін айтқан қонақтарға ризашылығын білдірді.

«Желтоқсан оқиғасына қатысып, аман қалу ержүректілік, батырлықпен пара-пар. Сіздер,сол кездегі жастар батылдық көрсетіп Тәуелсіздікке, бүгінгідей бақытты күндерге жетуге үлес қостыңыздар. Аман болыңдар,еліміздің Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!, — деді Жамиля Садыққызы.

Кеш соңында Желтоқсан оқиғасы құрбандары еске алынып, құран бағышталды.