«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ

АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫНДА «ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ ӨТТІ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында, 2019жылдың 25 желтоқсан күні, институттың желілік жоспарына сай, институт кітапханасының оқу залында, №1 қалалық орталықтандырылған кітапханасымен бірлескен «Президент жолдауы–дамудың тірегі» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. 

Институт шарасына Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының проекторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Хасанова Жамиля Садыққызы, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Биғали  Ермек Аққалиұлы, кафедра меңгерушілері, институттың профессор-оқытушы құрамы және студент жастар қатысты.

Шараны институт кітапханасының кітапхана меңгерушісі Нигматуллина Сания Қабдығалиқызы ашып , қалалық кітапханадан келген қатысушыларды  яғни, қалалық кітапхана меңгерушісі Кумарова Замира Бибиевна мен кітапханашы Құспанова Гүлнұр Нұрлыбекқызын таныстырды.

Қалалық кітапхана меңгерушісі Кумарова Замира  Бибиевна Ақпараттық сағатқа қатысушыларға ел тарихына шолу жасай отырып, Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы  және қазіргі Президент Қасым-жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы туралы толығырақ баяндап, слайд арқылы бейне фильм көрсетті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде  Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауын жариялағанын баршамызға белгілі. Бүгінде Қазақстан көк байрағы желбіреген, қазына байлығын пайдалана білетін, ұрпақтарына ұлттық тәлім-тәрбие берген егемен ел. Аз уақыт ішінде экономикасы, мәдениеті өркендеген Азиялық айбынды мемлекетке, Елбасының саясаты нәтижесінде сан ұлттың достығы жарасқан елге айналды.

Жолдау – бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін шешу жолдарын нақтылап берді. Азаматтық қоғамды жандандырып, әрбір қазақстандықтың ертеңіне деген сенімін нығайтты. Бұл Жолдауды бағдарламалық құжат деп атауға болады. Өйткені, Жолдау одан әрі әлеуметтік, экономикалық дамудың жолдарын көрсетіп отыр деді.

Жолдауға қолдау білдірген «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының саясаттану-құқық  пәні мұғалімі Болат Дилмуханұлына өз ойын ортаға салды.

Шараны қорытындылай келе, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты проекторы, педагогика ғылымдарының докторы,профессор Жамиля Садыққызы Хасанова, мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бұл Жолдауы ұстаздар қауымы мен білімді студент жастар үшін зор маңызға ие екенін айта  келе білім берудің сапалы жағдайын қамтамасыз ету үшін Президент жолдауындағы міндеттерді жүзеге  асыру жолында жұмыстанып келеміз, ары қарай да жұмыстана береміз деп қатысушыларға үлкен сенім артты.

Осы шараны бірлесіп ұйымдастыруға ұйтқы болған № 1 қалалық орталықтандырылған кітапханасының кітапхана меңгерушісі Замира  Бибиқызына осындай құнды шара өткізуге келіп, маңызды ақпарат берген қонақтарға ризашылығын  білдіріп, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі. Алға қарай да  институт жоспары бойынша бірлескен шараларды бірлескен түрде ұйымдастуға шақырды.