Құрметті ұстаздар!
Қымбатты студенттер, ата – аналар және барша қазақстандықтар!
Сіздерді жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім ордаларының қабырғаларын аттаған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алды, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы білімді–жастарды тәрбиелеудің жауапты кезеңінің бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр жас өскін өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты профессор-оқытушылар құрамы атынан баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге білім мен ғылым жолында жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!
Атырау инженерлік-гуманитарлық
институтының ректоры,
Қазақстан ҰҒА корреспондент-мүшесі Е.У.Ихсанов