АИГИ институтында «3Д мультимедиялық интерактивті онлайн-курстардың IT-индустриясы» тақырыбында IT-Стартап жобасын таныстыруға арналған таяуда мини-конференция өтіп, жобаның презентациясы болды. Осы жоба өз тиімділігін көрсетсе алдағы уақытта ол институт өндірісіне ректор, профессор Е.У .Ихсановтың жетекшілігімен енгізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің келісімімен бекітілген жобаның авторлары, Халықаралық информатизация академиясының академигі, цифрландыру және дистанциялық негізде білім беру саласындағы белгілі ғалым, профессор Егізбай Сакпанов, Халықаралық информатизация академиясының академигі, Ақтөбе қаласындағы «Партнер» аймақтық дистанциялық оқыту мекемесінің директоры, сарапшы Рахым Қарабалиев бүгінгі таңдағы білім берудің жаңа талаптарына сәйкес дистанциялық негізде оқыту мен мультимедиялық, интерактивті онлайн сабақтар өткізудің озық әдістемелерін институттағы мини-конференцияда кеңінен таныстырды.
Лекцияларды өткізу, емтихандарды қабылдау, студенттер зх еңбегін бағалау үрдістерінің бәрі электронды жүйемен, компьютер алдында қалай жүзеге асатынын жан-жақты айтты, институт профессор-оқытушыларының сұрақтарына жауаптар берді. Бұл жүйе «жақсы білім-әділ баға» девизімен, сыбайлас жемқорлық әрекеттерінсіз оқыту жүйесі болмақ.
Осы саланың «жілігін шағып,майын ішкен» белгілі бұл ғалымдар «Цифрлық Қазақстан» және «ҚР Білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында дистанциялық негізде білім беру мен цифрландыру, IT технологияны кеңінен енгізу үшін «IT-Industry 3D-MIOC-AI/VR» жүйесін әрбір оқытушы-профессор, магистрлер игеру керектігін айтты. Ал ол үшін алдағы уақытта жоспар-шаралар жасалып, жауапты адамдарды алдымен дайындау керек. Бұл істерге ғалымдар өздері де жұмыстанатынына уәде етті.
АИГИ Баспасөз қызметі.