ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! АИГИ РЕКТОРЫНЫҢ ЖОҒАРЫ МАРАПАТЫ!

Тәуелсіздіктің 29 жылдық мерейлі мерекесіне орай Атырауда салтанатты үлкен шара өтті. Облыс әкімі Мұхамбет Досмұхамбетов барша атыраулықтарды ұлық мереке – Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтады.
ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің өркендеп, дамуына,тәуелсіздіктің нығаюы жолындағы қалтқысыз еңбектері үшін мемлекеттік наградаға ие болғандарға марапаттарын табыс етті. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденін – Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры,Қазақстан республикасы Ұлттық ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ерсайын Валитханұлы Ихсановқа тапсырды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен ұжымы институт ректоры белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ихсанов Ерсайын Валитханұлын жоғары марапаты «Құрмет» орденімен марапатталуымен шын жүректен құттықтайды және жемісті еңбек, шығармашылық табыс тілейді.
АИГИ Баспасөз қызметі.