АИГИ: ДИПЛОМҒА ҚОСА ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК СЕРТИФИКАТЫ

 

Жоғары оқу орнынан диплом алып,маман болып шыққан жас еңбекке орналасу үшін ең алдымен өндірістік қауіпсіздік ережелері мен тәртібін жақсы білуі керек.Осы орайда Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын бітірушілердің бір артықшылығы бар.

           Атырау инженерлік-гуманитарлық институты жанынан құрылған «ТуранПромБез» оқу орталығы «Мұнай-газ саласының қауіпті өндірістік нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік» арнайы оқу бағдарламасы бойынша техникалық мамандықтардың жоғарғы курс студенттерін арнайы курстардан өткізіп, сертификаттар беріп келеді. Ал бұл соңғы бірнеше жыл бойы АИГИ –ді бітіретін студенттердің жұмысқа қабылдану деңгейін 85 процентке дейін артып келеді.

Соңғы кездері АИГИ-ді бітірген жастар «Казмұнайгаз»,ТШО,НКОК,тағы басқа да іргелі компанияларда жұмысқа қабылдау тестілерін еркін тапсырып, орналасып жүргенін айтуымыз керек. Өткен 2019-2020 оқу жылы қортындысымен «Атамекен» ҰКП мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен рейтингі нәтижесінде де АИГИ оқытатын Мұнай-газ саласы мамандығы сұранысы мен түлектердің жұмысқа орналасу дәрежелері жоғары болды. Атап айтқанда, Мұнай-газ ісі-В271 мамандығы бойынша кадрлар даярлау, жұмыспен қамту бойынша 19 ЖОО-ның арасынан 3- орынды иеленді. Институтты 2020 жылы бітіргендердің 84 проценті жұмысқа орналасқан. Сөйтіп АИГИ –дің Мұнай-газ мамандығын бітіруші түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша Қазақстандағы ЖОО орындарының үздік ондығында Қазақ-Британ техникалық университеті мен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университетінен кейінгі 3-і орында тұр.

Институт жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шарттар жасау жолымен тұрақты байланыс орнатып, түлектерін жұмысқа орналастыруға үлкен көңіл бөліп келеді. Бұрын жасалған шарттарды ұзарту, байланыстар орнату және ынтымақтастық туралы жаңа шарттарға қол қою бойынша жұмыстар кеңінен жалғасуда. Бүгінгі таңда АИГИ 17 мамандық бойынша 86 мекемемен кәсіптік тәжірибе мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру туралы 140 келісім-шартқа қол қойылды.

АИГИ-дің жақсы жетістігінде «ТуранПромБез» оқу орталығының үлесі де бар. «ТуранПромБез» оқу орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Инвестициялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің аттестаты бойынша өнеркәсіп қауіпсіздігі жұмыстарын атқару құқығы берілген.

-Біз Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес ҚР «Азаматтық қорғаныс» Заңының №72 бабына сәйкес және «ПромБезЭкспорт» ЖШС эксперттік қортындысына орай мұнай-газ,химия, мұнай-химиясы,мұнай өңдеу және металлургия салаларында өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мамандар дайындаймыз,қызметкерлерді қайта дайындықтан өткізіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік экспертизасын жүргіземіз. Қауіпті өнірістік нысанның өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын дайындаумен де айналысып келеміз,- дейді оқу орталығы директоры Ғапур Самиев.

Оқу орталығының басты мақсаты болашақ мамандардың техникалық қауіпсіз жұмыс істеуіне дайындау мен қолайсыз өндірістік жағдайларды болдырмау және алдын- алу мақсатында шешімдер қабылдауға қажетті кәсіптік білім мен тәжірибелік дағдыларын үйрету. Бұл үшін келесідей жұмыстар жүргізілуде: – Болон декларациясының қағидаларына сәйкес өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес жаңа білім берудің кәсіби білікті мамандарын даярлау; студенттермен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру,- дейді оқу орталығы жетекшісі Ғапур Шәріпұлы.

Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының «ТуранПромБез» оқу орталығында 6 профессор-оқытушылар сабақ береді.Оқу жоспары 4 курс,5 модул,7 семестр,7 емтихан,25 бейне лекция мен тұсаукесер форматтарында жасақталған. Қазіргі пандемиялық карантин жағдайында сабақтар онлайн форматында өтуде. Оқу орталығында негізінен техникалық мамандықтар, мұнай және газ, химиялық өңдеу инженериясы, құрылыс саласы бойынша білім алушылар оқытылуда. Оқуды жақсы аяқтаған студенттерге дипломмен қоса арнайы сертификат тегін беріледі. Осындай сертификатты биыл көптеген бітіруші түлектер алды. Осы сертификат бойынша АИГИ- ді бітірген мамандар өндіріс орындарына еркін,қосымша оқусыз қабылдануға құқығы бар.

АИГИ Баспасөз қызметі.