Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының ғылыми кітапханасы ҚР-сы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 5 қаңтарда «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты жолдаған мақаласын «Жарқын болашақ-жолдаудан» атты бейне баянды таныстыруға ұсынады. Төрт бөлімнен тұратын бұл мақалада еліміздің Тәуелсіздік алған 30 жылдан бергі атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістеріміз сараланып, алдағы атқарарылатын жұмыстар мен алға қойған мақсаттар атап көрсетілген.
Президентіміз Қ. К.Тоқаев Тәуелсіздіктің құрдастары орда бұзар отыз жасқа толды. Талапты да талантты буынға қуатты елдің иесі болу үшін білім мен білікті болу керек деп сенім артты.
Оқырмандарды ақпараттық және рухани қажеттіліктерін өтеуде жаңалық жаршысы болуға асығатын институт кітапханасы сіздерге әлеуметтік желілер арқылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының кітапхана қорын, басылымдарды, ғылыми еңбектер т.б. https://aigi.kz/ , https://100kitap.kz/kz/books сайттары және facebook.com/aigi.kz, facebook.com/ermek.bigaliev әлеуметтік желісіарқылы оқуға, пайдалуға мүмкіндік бар екенін хабарлайды.