Сананың ашықтығы” немесе 100 жаңа оқулық атты, институттың ғылыми кітапханасына келіп түскен 100 жаңа оқулықтардың таныстырылымы яғни (жаңа оқулықтарға библиографиялық шолу)
Баршамызға белгілі ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылдан бастап, жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша институтының ғылыми кітапханасының кітап қорына келіп түскен оқулықтар:Инновация,әлеуметтану,тарих,экономика,саясаттану,құқықтану, лингвистика, педагогика және психология, философия, әдебиеттану салаларын қамтиды.
Жоғарыда аталған оқулықтарға қысқаша библиографиялық шолу жасайтын болсақ;
Инновация бағыты бойынша – 2017 жылы шыққан, Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты туындысы жаңа инновацияға толы, жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуы туралы баяндайды.
2. Алан Барнардтың бұл еңбегі антропологияның ғылым ретінде қалыптасуына шолу жасап, антропология туралы заманға сай, пәнаралық түсінік қалыптастырады. Кітап мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, тарихи-мәдени аймақтар теорияларын кеңінен қамтыған.
3.Әлеуметтану саласындағы Джордж Ритцердің “Әлеуметтану теориясы” ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастарды ұштастыра отырып талдайды. Әлеуметтану ғылымының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған.
4. Дэвид Бринкерхоф бастаған америкалық әлеуметтанушылардың «Әлеуметтану негіздері» оқулығы қоғам және оның құрылымы жөнінде кең мәлімет беріп, пәннің негізгі ұғымдары мен зерттеу әдістерін жан-жақты саралайды. Оқу құралы әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын, зерттеу әдістері мен теорияларын саралап, әлеуметтанушы мамандардың оқу орнындағы, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлін көрсетеді.
5. Ройс Синглтон мен Брюс Стрэйтстің «Əлеуметтік зерттеу əдістері» кітабы – əлеуметтік зерттеудің ғылыми жəне логикалық негіздерін жан-жақты сипаттайтын оқу құралы, бұл кітап зерттеудің төрт тəсілі – эксперимент, сауалнама зерттеуі, далалық зерттеулер жəне қолда бар деректерді пайдаланудың сипаттамасын ұсынады.
6. Тарих саласындағы – Тарихи білім тарихы кітабы архаикалық дәуірден біздің заманымызға дейінгі тарихи сананың қалыптасуы мен тарихи ойдың эволюциясы, тарихи білімнің кәсібилену процесі, оның ғылым пәні ретінде орнығуы кешенді түрде қарастырылып, тарихнама бойынша негізгі мектептер мен бағыттардың сипаттамасы беріледі әрі тарихты зерттеудің мәселелері, әдіснамасы, пәні мен міндеттерін түсінудегі өзгерістер жан-жақты зерделенеді.
7. Светлана Лурьенің Тарихи этнология кітабы
Бұл оқулықта психологиялық антропология, этнопсихология, мәдениеттану, этнос экологиясы, дәстүртану тарихы баяндалады. Әлемнің этностық картинасы, оның құрылымы мен өзгеру механизмдері және функционалдық этносішілік конфликт, этностың өзін-өзі құрылымдауы теориялары орыс, армян, ағылшын, фин, түрік халықтарының тұрмысынан алынған тарихи очерктермен жан-жақты дәйектеліп беріледі.
8. Panorama: Дүниежүзі тарихы, 1, 2 ші-кітап
Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайтын бұл оқулық Homo sapiens өкілінің жетілу, өсіп-өркендеу жолынан басталып, ХVI ғасырға дейінгі кемелдену тарихын толық қамтыған. Адамзаттың дамуын, дүниежүзін игеруін, ықпалды мемлекеттер құруының көне дәуірден басталған қилы кезеңдерін жан-жақты зерттеп, бұлтартпас тарихи деректерді сөйлете отырып сипаттайды.
9. Экономика саласындағы, Грегори Мэнкьюдің «Экономикс» атты еңбегі экономикалық теория, идеялар мен құбылыстарды мейлінше қарапайым әрі ұғынықты жеткізетін оқулық ретінде танылып, әлемнің 25 тіліне аударылған. Оқулықтың басты артықшылығы – автордың экономиканы оқырман көзқарасымен көрсететінінде. Зерттеулерде анықталғанындай, бұл оқулық қолдануға өте ыңғайлы және бизнеске бағдар бола алады.
10. Майкл Паркиннің «Макроэкономика» оқулығы – дүниежүзіне танымал оқулықтардың бірі, өйткені ол экономикаға қатысты соңғы саяси ұстанымдар мен деректерді аналитикалық негізде бере отырып, пән маңызын арттыра түседі. Азық-түлік тапшылығынан бастап жаһандық жылынуға дейінгі түрлі ғаламдық проблемалар неліктен туындайтынын анықтап, оның салдарын, көрсеткішін жан-жақты талдайды, теория мен практиканы ұштастырады.
11. Майкл Паркиннің «Микроэкономика» оқулығы да – жергілікті экономикалық қатынастарды түсіндіретін оқу құралы. Жеке адамның қалауы мен таңдауынан ел экономикасы қалай қалыптасатыны, ол жаһандық экономика процестерімен қалай сабақтасатыны, ақша қатынастары қалай жүргізілетіні, салық неден қалыптасып, елдегі әлеуметтік бағдарламалар қалай жүргізілетініне дейін нақты кейстер мен мысалдарға сүйене отырып түсіндіріледі.
12. Е.Томас Гарман мен Рэймонд Е.Форгтың Жеке қаражат оқулығы – бұған дейін экономикада қаржы, несие, бағалы қағаздар, инвестициялау, сақтандыру, салық жүйесі, менеджмент тақырыптарында жеке-жеке қозғалған мәселелерді топтастырып, жүйелеу арқылы жеке қаражатты өз алдына дербес білім курсына бөліп шығарған түбегейлі еңбек.
13. Рикки Гриффиннің «Менеджмент» оқулығы алғаш рет 1984 жылы жарық көрген. Содан бері ол ондаған тілге аударылып, екі миллион данамен таралды. Оқулықтың қазақ тіліндегі алғашқы басылымы ағылшын тіліндегі он екінші басылым негізінде дайындалды. Кітап менеджмент саласында қалыптасқан дәстүрлі түсініктермен қатар, жаңа ұғымдар мен тұжырымдарды да қамтиды.
14. Саясаттану саласындағы – Джонатан Уолфтың «Саясат философиясына кірісіпе» деп аталатын кітабында адамзатты бұрыннан толғандырып келе жатқан және қазіргі кезде әлі де өзектілігін жоғалтпаған табиғи күй, мемлекет, демократия, еркіндік, меншік сияқты саяси ғылымдардың зерттеу аясын айқындайтын ұғымдарға қатысты сұрақтар қарастырылады.
15. «Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе» атты кітаптың 7-басылымы халықаралық қатынастар саласындағы ең соңғы оқиғаларды қамтитын феминизм, нәсіл, халықаралық ұйымдар және мемлекеттік емес ұйымдар секілді бірнеше жаңа тараудан тұрады және бұл саланың болашақтағы басты мәселелерін анықтайтын тақырыптармен таныстырады.
16. Роберт Трагердің Дипломатия кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді. Кітаптың басты зерттеу нысаны – «құпия дипломатия» және оның механизмдері.
17. Құқық саласы бойынша – Азаматтық іс жүргізу: Сот өндірісі. І том: 1-кітап. Бұл кітап – азаматтық процесс саласындағы Англияның ең танымал мамандарының бірі, Кембридж университетінің профессоры Нил Эндрюс дайындаған оқу құралы. Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның құқық жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінетін қазіргі таңда кітаптың берер мағлұматы мол.
18. Нил Эндрюс екі томда да Англия мен Уэльстегі (екеуі де құқық саласында жетекші саналады) азаматтық іс жүргізуді егжей-тегжейлі қарастырған. Сондай-ақ дауларды реттеудің барлық негізгі түрлерімен таныстырады: бұл кітап – сот талқылауы, медиация мен арбитраж, сот әділдігі жан-жақты әрі практикалық тұрғыда қамтылған бірегей қайнар көз.
19. «Тіл біліміне кіріспе» деп аталатын бұл кітап келешек филолог мамандарға, шет тілі филологиясында оқитындарға, жалпы оқырман қауымға лингвистика ғылымы жөнінде алғашқы мағлұмат беруді көздейді. 12 тараудан тұратын кітапта тіл ғылымы, фонетика, грамматика, морфология мен синтаксис мәселелері баяндалады.
20. Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» атты оқулығы түрлі ұлт және мәдениет өкілдерінің өзара ұғынысып, тіл табысуы үшін не маңызды екенін егжей-тегжейлі түсіндіреді.
21. «Тіл – инстинкт» атты бұл кітабы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Зерттеуші тіл ғылымы саласындағы тіл мен сананың байланысы туралы соны жаңалықтар мен ғылыми ортаның соңғы жетістіктерін талдап, тілдің қызметі қалай жүзеге асатынын, баланың тілді қалай үйренетінін мысалдар арқылы егжей-тегжейлі түсіндіріп, дәлелді де нақты тұжырымдар жасайды.
22.Педагогика психология саласы бойынша Дэвид Майерс пен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының 12-басылымы аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған. Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен келтірілген.
23. Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. ХХІ ғасырдағы оқыту дизайны Бұл оқулықта ХХІ ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып, авторлар білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды.
24. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі.Авторы: Дейл Х. Шунк
Бұл еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми-зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады. Кіріспеде оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері мен мәселелері және оқытуды зерттеудің тарихи негіздері қамтылса, кейінгі тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы, әлеуметтік-танымдық оқыту мәселелері, ақпаратты өңдеу теориясы, яғни деректерді кодтау және сақтау, конструктивизм т.б. теориялар талқыланады.
25. «Қазіргі психология тарихы» кітабының 11-басылымы – психология пәні бойынша қазақ тіліне аударылған санаулы еңбектердің бірі. Психологияның пән ретінде қалыптасуынан бастап, ондағы түрлі ағымдар мен көзқарастарды ойшылдардың жеке өмірі мен оған айтылған сын-пікірлер арқылы баяндайтын оқулық аталмыш саладағы соңғы жаңалықтарды да қамтиды.
26. Философия Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін. Авторы: Derek Johnston
Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы» атты бұл еңбегіне философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан танымал 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған. Автор Батыс дәстүріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теорияларын оқырмандарға кезең-кезеңмен таныстыруды көздейді.
27. Батыс философиясының жаңа тарихы. 1-том. Антика философиясы
«Батыс философиясының жаңа тарихы» оқулығының авторы – Сэр Энтони Джон Патрик Кенни. Төрт бөлімнен тұратын оқулық философия ілімінің ежелгі заманнан бүгінге дейінгі дамуын толық қамтиды.
28. Әдебиет теориясы: практикалық кіріспе кітабы
Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын – орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған.
29. Әдебиет теориясы: Антология. 1-том. Авторлары: Джули Ривкин, Майкл Райан
Бұл оқулық қазақ оқырмандарын әлемдік әдебиет теориясының тың зерттеу бағыттарымен таныстырады. Шығарманың мазмұнын ғана зерделеп қоймай, оны тілдік тұрғыдан талдаудың сан қырлы әдістерімен сараланған мақалалар – біздің сыншыларымыз бен оқырмандарымыз үшін де таптырмас үлгі. Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады.
Аталған оқулықтарды ғылыми кітапхана қорынан, ал қазіргі қашықтан оқу жағдайында оқулықтардың электронды нұсқасын Атырау Инженерлік Гуман.Инст. aigi.kz сайтындағы ғылыми кітапхана бетшесіне кіру арқылы 100 жаңа оқулықтарға арналған виртуалды кітап көрмесімен танысып, ондағы 100 кітап.кз , openU.kz сайттарының ссылкасы арқылы сайтқа кіріп оқулықтарды жүктеп немесе қажет жерін көшіріп алу мүмкіндігі қарастырылған.
Қорыта келе, Елбасының игі бастамасы 100 жаңа оқулық жобасы жастардың ғылыми-ізденісі мен білім алуына кең жол ашса, сіздер сияқты студент жастардың толыққанды білім алу жолында, дүние жүзіндегі таң¬даулы үлгілердің негізінде жасалып отырған зор мүмкіндік. Ал «Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді». Сондықтан 100 жаңа оқулықты оқып білу үшін санамыз ашық болуы қажет.