Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес және «Jas Otan» Жастар қанатының Атырау облыстық филиалымен бірігіп өткізген «дөнгелек үстел» басында «Таза сессия» республикалық акциясы аясында студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған жол бермеу» бойынша салиқалы әңгіме болды.
«Дөңгелек үстелді» «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы орынбасары Айбек Ғабдуллин кіріспе сөз сөйлеп ашты. Ол сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі, сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылатынын атап айтты.
Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын жемқорлық саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын. Әсіресе білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуал қалыптастыру әрқайсымыздың басты парызымыз. Сондықтан да бүгін Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында студент жастар мен профессор-оқытушылар құрамымен осы мәселені кең талқылайтын боламыз,-деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы орынбасары Айбек Серікұлы.
«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңес мүшесі Роман Мақсотов хабарлама жасап, қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз болып табылатынын айтты.
«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы Партиялық бақылау жөніндегі инспектор, Қоғамдық Кеңес мүшесі Роман Зұлқарнайұлы өткен жылдағы Білім және ғылым министрлігі мен Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Атырау облысындағы бірқатар жоғары білім ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық мәселелеріне жүргізген мониторинг нәтижесі үлкен алаңдаушылық туғызғанын,сол қатарда Атырау инженерлік-гуманитарлық институты болмаса да сақтандыру,осы мәселеде студент жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбестік ахуалды қалыптастыру мақсатында талқылау өткізіп отырғанын жеткізді.
-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарлауынша,биылғы жыл басынан бері елімізде сыбайлас жемқорлықтың 1500 фактісі тіркелгенін, 894 пара алу, 141 ұрлық және 120 лауазымдық міндетін теріс пайдалану жағдайы тіркелгенін хабарлады .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу үшін жастардың құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою қажет. Халық өз құқықтарын, оларға қарсы қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін толық білуі тиіс. Бүгінгі күннің басты мақсаты конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның көріністерін азайту, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту болып табылатынын Роман Зұлқарнайұлы атап көрсетті.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Рухани жаңғыру»орталығы директоры,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы жектекшісі Ермек Биғали институттағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күрес жайы туралы хабарлама жасады.
-Институтта сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттермен күрестің стандарттары, коррупциялық іс-әрекеттерге қарсы саясат,Академиялық адалдық туралы ережелер жасалып,барлық бөлімшелер мен факультеттер жұмыста басшылыққа алып отыр. Алқалы орган-сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясы институтта осы қауіпті індеттің жолын кесу және болдырмау мен жемқорлық әрекеттердің себеп-салдарын анықтап,коррупцияға қарсы саясатты жетілдіру мақсатында жұмыс жасап келеді,-деді Ермек Биғали.
-2020-2021 және 2021-2022 оқу жылдарының жоспарларына барлық факультет пен бөлімшелерде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениеті» тақырыбы енгізілді.Осы тақырып бойынша профессор-оқытушыларымыз лекциялар циклын дайындалып, студенттерге оқуда.
АИГИ-де студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде әр сессия алдында «Таза сессия» , «Адалдық алаңы» акциялары өткізіледі. Анонимді сауалнамалар өткізіліп,онда білім алушылар өз көзқарастарын ашық айтып жүр.Мұның өзі институтымызда жемқорлық әрекеттердің жоқтығына көз жеткіздіреді.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты қысқы емтихан сессиясын ұйымдастыру тәртібі бойынша білім алушылармен жүйелі кездесулер,онлайн-кеңестер,кураторлық сағаттар,т.б. өткізді. Институтта еліміздегі жоғары оқу орындарының Академиялық адалдық лигасының үміткерлері қатарына кіру бойынша да нақты жұмыстарды атқаруда.
Қысқы емтихан сессиясы алдында Академиялық адалдық қағидаларын сақтау мақсатында Прокторинг, Плотонус жүйелері енгізілді. Институттағы Тәртіптік кеңес те сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесуге бірден-бір ықпалды ұйым болып отырғанын Е.А.Биғали атап көрсетті.
Институт проректоры Жамиля Хасанова барлық сесияларда емтихандар плотонус жүйесінде интернет арқылы өтетінін,жиі-жиі анонимді анкета арқылы сауалнамалар өткізілетінін, сондықтан институтта жемқорлық орын алуы мүмкін еместігін атап айтты.
Аға оқытушы Алма Бисекенова институтта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті» тақырыбында арнайы пән сабағын өткізіп келе жатқанын,оның тиімділігі туралы айтты.
«Дөңгелек үстелде» қоғамдық кеңес мүшесі,облыстық мәслихат депутаты Нұржан Ермұханов және басқалар ой-пікірлерін айтты. «Дөңгелек үстел» басындағы салиқалы бас қосуға қоғамдық кеңес мүшесі,облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева,қоғамдық кеңес мүшесі,белгілі ғалым Жанна Шаяхметова қатысты.
«Дөңгелек үстелде» АИГИ-дегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күресте біраз оңды іс-шаралар бар екендігі атап, әйтсе де бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де пәрменді де тиімді жүргізе беру керектігі айтылды.
АИГИ-де «Jas Otan» Жастар қанаты бөлімшесі ашылды
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері және «Jas Otan» Жастар қанатының Атырау облыстық филиалы, Атырау студенттер Альянсы басшылары қатысқан алқалы басқосуда оқу орнында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Jas Otan» Жастар Қанаты бөлімшесі ашылды. Осы бөлімше жетекшісіне Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 1 курста оқитын Қуанов Бекзат сайланды. Ол 2004 жылы Атырау қаласы, Томарлы селосында дүниеге келген.2021 жылы Қ.Смағұлов атындағы Томарлы орта мектебін жақсы тәмамдаған. 2020 жылы Республикалық математика пәнінен олимпиадада жүлделі I орын алған.Спорт сайыстарына да белсене қатысқан.Бокстан облыстық жарыста I орын иеленген.Институтта да оқу үлгерімі жақсы, оқу орнының қоғамдық, мәдени-көпшілік жұмыстарына белсене қатысады, көптеген шаралардың ұйымдастырушысы.
Жиында оқу орнындағы жастар саясаты комитетінің жұмысымен танысу болды. Институттағы жастар саясаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағв міндеттері туралы «Рухани жаңғыру» орталығы директоры Ермек Биғали баяндама жасады.
«Jas Otan» Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасын студент жастар арасында іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан іс-шаралар,алдағы межелі міндеттер туралы «Jas Otan» Жастар қанатының Атырау облыстық филиалының төрағасы,қоғамдық кеңес мүшесі Абылай Құрметұлы мен Атырау студенттер Альянсының төрағасы Әділет Сәбитов жан-жақты айты.
«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес және «Jas Otan» Жастар қанатының Атырау облыстық филиалы мен Атырау студенттер Альянсы өкілдері институттағы «АИГИ Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, «Рухани жаңғыру» орталығын аралап көріп, олардағы жақсы істерімен танысты.
АИГИ Баспасөз қызметі.