Атырау инженерлік-гуманитарлық институты:
Әңгіме өзегі: “Рухани құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын алу құралы»
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында 2021 жылдың 8 желтоқсаны күні Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау «орталығы маманы Құдайберген Жанболат Бауыржанұлы мен «Жәрдем-Атырау» коперативтік діни қорының теолог маманы Амангелді Қалдыбайұлы Оразов ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу мақсатында студенттерге «Рухани құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын алу құралы» атты кездесу өткізді.
Кездесуде теолог- мамандар дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырған рухани құндылықтарды жоққа шығарып, ішкі тұрақтылыққа қауіп төндіріп және де астыртын, ең бастысы ел санасын оңай жаулайтын әдіспен – дін атын жамылып отырған радикалды көзқарастағы әрекеттер жастарды ай-күннің аманында имандылықтан жаңылдыратын аса қауіпті екенін жеткізді.
Жат ағымның жетегінде кетпей, білімді дұрыс меңгеріп, Отанға, отбасыңа қызмет етіп, қоғамға пайдаңды тигізу, мемлекеттің, қазақ елінің дамуына өз үлесіңді қосу керектігі туралы айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Ақпараттық талдау орталығы» мен «Жәрдем-Атырау» коперативтік діни қорының мамандары дін мәселесінде заңдылықты қатаң сақтау, әсіресе «Вконтакте»,«Instagram», «Фейсбук»,»Тик-ток» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалатынын сондықтан әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір діни ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертті .Заң талаптарымен таныстырды.
Дін мамандары студенттердің сұрақтарына тұщымды жауаптар берді.
Шараға 70-ке тарта студент пен оқытушылар,бөлім қызметкерлері қатысты.
АИГИ Баспасөз қызметі.