Абай Құнанбаев – қазақтың төлқұжаты, рәмізі

«Рухани жаңғыру»: Абай-175

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға институттың профессор-оқытушылар құрамы, мен қызметкерлері, студенттер қатысты.


Айтулы шараның басты мақсаты білім алушыларды Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Студенттерді туған жерге,Отанға сүйіспеншілікке және ұлттар мен ұлыстардың бауырмалдығын арттыруға, ел тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
-Қай халықтың болмасын өсіп-өркендеуі, ақыл-ойы мен санасының, әдебиеті мен мәдениетінің, өнері мен білімінің – қысқасы, бүкіл рухани жан дүниесінің дамуы, жалпы адамзаттық өркениетке ұмтылысы – сол халықтың өміріне, ұлт ретінде адами болмысы мен рухына іргелі бетбұрыс жасаушы ұлы дарындардың тарихи еңбегімен, қайталанбас қайраткерлік тұлғасымен тығыз байланысты болып жатады,-деді «дөңгелек үстелді» ашып» , Данышпан Абай- қазақ ұлтының болмыс-бітімі» хақында «Инженерлік-техникалық пәндер»кафедрасы меңгерушісі,геология-минералогия ғылымдары докторы,профессор Нәсіпқали Сейітов жан-жақты айтты.
– Қазақ халқы үшін сондай дара тұлға, әрбір сөзі даналықтың үлгісіндей болған ұлы ақын, ойшыл-философ Абай еді,-деді ол. -Данышпан ақын өзінің құдіретті талантымен, көреген ойшылдығымен қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салып қана қойған жоқ, сонымен бірге өзінің қаламгерлік қуатымен бүкіл қазақ қоғамын тәрбиелеген, жақсылыққа жол сілтеуші ұлы қайраткер, адалдықты, шындықты ту етіп көтерген нағыз халық қамқоршысы болды.
Абай – қазақ халқының ар-ожданы, ұлттық мақтанышы және намысы. Себебі дүниежүзілік ауқымға сай қазақтың ұлттық санасын оятқан және оны қалыптастырған адам – Абай. Қазақ даласында небір үлкен тұлғалар өмір сүрген, бірақ та дәл Абайдай өз заманына дейінгі дала данышпандарының даналық мәйегін меңгерген, бүкіл көшпелілер дүниетанымын, рухани болмысын, парасатын, көреген ойының мүмкіндіктерін танытқан, сол арқылы бүкіл адамзат санасының дамуына айрықша үлес қосқан дара тұлға болған емес,-деді Н.Сейітов.
-Абай халықты бақытты болашаққа бастар жолды іздеді .Жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.
Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, үшіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды,сондай-ақ қазақтың бойындағы жағымпаздық,екіжізділік,іштарлық,арызқойлық сияқты жаман әдеттерді әшкерелеп,сынап отырды.
Халықтың игілігіне жету жолындағы Бұл қырсықты ғылым мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды,тіл үйренуді міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді. Міне Абай қайтыс болғалы 115 жыл болса да оның айтқандары мәнін әлі жойған жоқ.Абайды түсініп,зердемен оқу керек,-деді профессор Н.Сейітов.
«Ұлы Абай өнегесі» тақырыбында ИТжЛЗО директоры,техника ғылымдарының кандидаты,профессор Мұрат Ликаров әңгімеледі.Абай-қазақ елінің мақтанышы,ұлттың ұраны. Мен сонау Абайдың туған жерінен келіп осы институтта жұмыс жасап жатырмын.Абайдың бір атадан тараған ұрпақтарының бірі екенімді мақтан етем. Абай туған қасиетті жерден елге танымал көп адамдар шықты.Біз оқыған заманда мектепте Абайды оқу міндет болды,осы талапты орындаған бала өмірде де алғыр болары,қателеспесі сөзсіз. Сондықтан да Абай шығармаларын мұқият,зердемен оқиық,ал сонда ғана сіздер өмірді жақсы түсінесіздер,-деді М.Ликаров.
«ИТП»кафедрасының оқытушысы,магистр Эльмира Қуанбаева «Абай: Жүрегіңнің түбіне терең бойла мен бір жұмбақ адаммын …» тақырыбында ой толғады.
–Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Ол келешек заман үшін де ұлттық құндылығымыздың биік шоқтығы болып қала береді. Ұлы Абай халқым деп – елін, жерін, ата-мекенін, табиғи, мәдени байлығын, өнерімен тілін, тарихын, салт-дәстүрімен әдет-ғұрпын сақтап, ізгі қасиеттерін дамытып, қорғап рухани – адамгершілік тағылымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған.
«Абай – қазақтың төлқұжаты. Ол – рухани деңгейіміздің барометрі. Ол – ел парасатының рәмізі, әрі бақылаушысы. Сондықтан Абайдай даналардың мұрасын емес, білім-ағарту-таным жүйесімен таныта беру біздің мақсат».
Абайга арналган өлең-шумактарым:
Ұлы Абай қазақтың мақтанышы,
Ел сыйлаған ұлылардың ұлағасы.
Қазақтың ақыны ғой-ел таныған,
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Дәріптемей Абайды қалай турам
Ақынның күйі де бар, әні де бар,
Қара сөзі және бар, толғандырар
Құпиясы ашылмаған әлі де бар.
ТаныпбілуАбайдыбізгепарыз,
Білмей қалсақ мойнымызға болар қарыз,-деп Эльмира Амантұрлықызы жүректен шыққан жыр шумақтарын оқып берді.
Студенттер Айболат Иманғалиев,Артур Баукенов,Ақниет Жолдасқалиева Орынғали Жаңбырбаев,Айбек Қожамұратов Ұлы ақын шығармаларынан үзінділер,өлеңдерін қазақша,арысша,ағылшын тілдерінде мәнерлеп,жатқа айтты.
Ал АИГИ –дің 1 курс студенті Әділов Аманжанның арнау өлеңі ерекше әсер қалдырды.
Абайға арнау
Қазақ десе Абай түсер есіме ,
Жарқыраған кең даланың төсінде .
Абайменен мақтанамыз мына біз,
Дәріптейміз дәл осындай кештерде .

Абай-дана ,дара тұлға ғажапсың,
Маңдайына біткен жансың қазақтың .
Әр мізгілді жарты өлеңге сиғызған ,
Абай атам дәл осындай ғажапсың.

Мезгілменен ,еңбекті де жырлаған,
Білімменен ,ғылымды да қозғаған .
Әрқазақтың жүрегіне жеткізіп ,
Жүректерін ол бір сәтте қозғаған .

Қара сөзі ойландырар адамды ,
Оқыған жан ойға шомып қалады .
Қара сөзді оқыған егер жан болса ,
Ол біледі жақсыменен ,жаманды .

Бүкіл халық таныған Абай ақынды ,
Әндерімен баурап алды халқымды .
Өлең менен білімге ол шақырды ,
Қара сөзбен жақсылыққа шақырды .

Абай-ұлыақын ,дана тұлға ,
Ешкімгеұқсамайтын дара тұлға .
Солкездеөмірденолөткенімен ,
Ұмытылмас ,із қалдырған ,ол артында .
Студенттер данышпан Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақ-жауаптарға лезде жауап беруден сайысты.
«ИТП» кафедрасы оқытушысы Перизат Рамазан Абай жырларын оқу эстафетасын жалғастырып, өлең оқып,эстафетаны «Экономика және кеден ісі» кафедрасы меңгерушісі Алмас Жасенұлы Садықовке жолдады.Сол сәт Алмас Жасенұлы да сурыпсалма өнерімен Абайға арнаған жырып оқып берді.
«Дөңгелек үстел» басындағы әсерлі әңгіме сағаты студент Билаш Жомарттың бастауымен, қатысушылардың қоштауымен Абайдың «Желсіз түнде жарық ай…» өлеңін шырқаумен аяқталды.

АИГИ Баспасөз қызметі.

Leave a Reply