«Мәңгі жаса,ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ!»
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Тәуелсіздік мерекесі ерекше атап өтіліп,бірқатар іс-шаралар өткізіліп келеді. Тәуелсіздігіміздің 29 жылдық мерекесіне орай онкүндік аясындағы өткізілген онлайн кештер мен кураторлық сағаттар,дөңгелек үстелдер ,бейне фильмдер және басқалай шаралардың мақсаты жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге, Тәуелсіздіктің маңызын, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру жолдары туралы түсіндіру, патриоттық сезім ұялатып, әр азаматтың еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға тәрбиелеу болды.
Енді 2020 жылғы 14 желтоқсанда институтта азат еліміздің нағыз Ұлы күні 16 желтоқсан- Тәуелсіздік мерекесіне орай барлық карантин талаптары сақтала отырып, салтанатты жиналыс өтті.Шараға профессор-оқытушылар құрамы мен онлайн жағдайында бөлімдер қызметкерлері, студенттер қатысты.
Салтанатты жиналысты институт ректоры,Қазақстан Республикасы ҰҒА корреспондент-мүшесі Ерсайын Уалитханұлы Ихсанов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалады.
Тәуелсіздіктің қалай орнағаны, тәуелсіздікке қалай қол жеткізгеніміз туралы «Мәңгі жаса,ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ!» тақырыбында Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының «Рухани жаңғыру» орталығынын директоры Ермек Аққалиұлы Биғали баяндама жасады.
«Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған осы арманы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылданған сол бір тарихи күн , 1991 жылдың 16-желтоқсаны күні жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан келді. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Ән-ұранымен айбатты»,-деді баяндамашы Е.А.Биғали.
Мерекелік салтанатта институттың бір топ еңбекте үздік шыққан қызметкерлері Атырау қалалық мәслихатнын, Атырау қалалық «Нұр Отан» филиалының және Атырау облыстық кәсіптік одақ ұйымынын құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, Атырау инженерлік – гуманитарлық институты ректорының алғыс хаттарымен марапатталды.
Салтанатты шара өнерпаз жастар өнерімен де ерекшеленді.
АИГИ Баспасөз қызметі.